Ақмола облысы әкімінің өкімімен Президент Әкімшілігі және аудандық мәслихат депутаттарының келісімі бойынша Дарын Сабырғали Целиноград ауданының әкімі болып тағайындалды.
Ауданның жаңа басшысын облыс әкімі Марат Ахметжанов таныстырды.
Сабырғали Дарын Сабырғалиұлы 1986 жылы Алматы қаласында туған. Қазақ гуманитарлық-заң университетін бітірген.
Еңбек жолын 2010 жылы Астана қаласында «Астана Автоком Инвест» ЖШС-інің басқарушы директоры болып бастаған.
2015-2017 жылдары Ақмол ауылдық округі әкімінің орынбасары, Целиноград ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметтерін атқарды.
2017-2020 жылдары Ақмола облысы әкімінің, Шортанды ауданы әкімінің аппараттарында жұмыс істеді, «G-Global» Халықаралық Хатшылығы қауымдастығының кеңесшісі болды.
2021 жылдың мамыры мен 2024 жылдың сәуірі аралығында Қорғалжын ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.
Жаңа қызметке тағайындалғанға дейін Ақмола облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.