Свободный ауылдық клубында демалыс кезінде балалармен жазғы сауықтыру жұмыстарының бір түрі – балалар ойын алаңы ұйымдастырылды.
Мұнда оқу сабақтары мен туған өлкенің айналасындағы туристік маршруттар тікелей қарым-қатынас жағдайында өткізіледі.Жоба орысша «Не скучай-ка» деген атаумен 2023 жылы басталды. Үш маусым қатарынан балалар түрлі оқиғалардың калейдоскопына қатысты. Әр күн кешегіден өзгеше және жаңа әсерлерге, қарым-қатынас пен кездесулерге толы.
Балалардың жазғы сауықтыру жұмысының басым бағыттары –денсаулықты нығайту, білім алу және ойын-сауық болып табылады. Бұған таза ауада болу, сауықтыру, спорттық, мәдени іс-шараларын өткізу, мектеп және аудандық мұражайларға саяхаттар, қызығушылық сабақтарын ұйымдастыру, «Табиғатты аяла» спорттық ойын бағдарламасы кіреді.
– Жаз – саяхаттаудың ең жақсы уақыты. Табиғат әлеміне, ұлан-ғайыр далаға, желмен тербелген қауырсынды шөптер мен дала гүлдерінің иісіне «Туған жер» туристік саяхаты ешкімді бейжай қалдырған жоқ.Балалар белсенді демалып, сергектік пен жақсы көңіл-күйге ие болып қана қоймай, сонымен бірге, достық қарым-қатынастарын да нығайтты, – дейді өз сөзінде Свободный ауылдық клубының жетекшісі Бағлан Дүйсембаева.
Жалықпаудағы әрбір жаңа күн – оқу әлемі және жазғы демалыстың қуанышы. Дүйсенбі – «Театр күні», сейсенбі – «Вернисаж», «Мен асфальтқа сурет саламын», «Бет бояу». Сәрсенбі – «Табиғат ғажайыптары», ұмытылмас жорықтар, достық дастарханы, әндер, ойындар, тоғандағы балықтарды тамақтандыру. Бейсенбі күні «Ауылымызды көркейтейік» акциясы өтеді. Ал, жұмада көңілді дискотека мен сабын көпіршігі кеші өтеді.
–Жобаның ауыл әкімшілігі, мектеп және ата-аналар тарапынан қолдау тапқанына, балаларға ұйымдастырылған іс-шаралардың барлығы ұнағанына өте қуаныштымын. Менің жұмысымда ең бастысы, сауықтыру іс-шараларын өткізу емес, балаларға салауатты өмір салтының құндылығын көрсету, денсаулықты сақтау мен нығайтудың, бос уақыттарын мазмұнды өткізудің түрлі тәсілдерімен таныстыру деп білемін, – деген клуб жетекшісі сөзінің шынында, жаны бар.
Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Есіл ауданы.