Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп - АРҚА АЖАРЫ

Ұстанымымыз – заңдылық пен тәртіп

Бас прокуратураның алқасында биылғы жарты жылда прокуратура органдарының заңдылықты сақтау, құқық тәртібін қамтамасыз ету және қылмыстылықпен күрес бойынша қадағалау қызметінің нәтижелерін тыңдадық. Прокуратураның күш-жігері қылмыс аясына тартылған адамдардың конституциялық құқықтарын қорғауға, құқық бұзушылықтардың алдын алуға, азаматтардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге, өтініштерін жан-жақты және әділ қарауға, жалпы­ жұртшылықтың көкейінде жүрген басқа да мәселелерді шешуге бағытталған.

Одан бөлек, біз ел Пре­зидентінің ин­вес­тициялық жобаларды сүйемелдеу, биз­несті қорғау жөніндегі және басқа да тапсырмаларын орындап келеміз.

Ұрланған активтерді мемлекетке қай­тару туралы тапсырманың маңызын ерекше атаймыз.

Былтыр «Заңсыз иемденілген актив­терді мемлекетке қайтару туралы» заң қабылданды. Оны іске асыру үшін Бас прокуратура жанынан аттас комитет құрылды.

Бұл заңды қабылдаудың басты мақсаты – халықтың бұзылған құқықтарын қал­пына келтіру, әлеуметтік әділеттілікті, еліміздің халқының игілігі үшін оның экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан орнықты дамуын қамтамасыз ету.

Комитет өзінің міндетін белсенді ат­қаруда, барлық қажетті құқықтық, мате­риалдық-техникалық және басқа да құ­ралдармен, сондай-ақ штатпен жарақ­талған. Бірқатар нәтиже бар. Тек биылдың өзінде мемлекетке 315 млрд теңге, заңсыз қолды болып кеткен 513 мың га жер телімі қайтарылды.

Алғаш рет сот 5,5 млрд теңге тұратын пайда болуы түсініксіз байлық туралы, құны 400 млн зергерлік бұйымдар мен мәдени құндылықтар жөніндегі комитеттің талап-арызын толық көлемде қанағаттандырды. Соттың шешімі толық көлемде орындалды.

Қайтарылған активтер қоғамның әлеу­меттік және экономикалық дамуына бағытталады. Бірқатар объекті мемлекет меншігіне аударылған соң, олардың бұрынғы иелерінің экономиканың жекелеген секторларындағы монополиялық басымдылығы тоқтатылды. Мысалы, Же­тісу облысындағы кө­лік-ло­гистикалық орталық мемлекет­ке өт­кеннен кейін, Қазақстан-Қытай ше­карасындағы кәсіп­керлерге көрсе­тілетін қызмет сапасы артты. Уақытша сақтау қой­масының өткізу мүмкіндігі алты есе өсті.

Алматы, Ақмола, Түркістан облыста­рында тәркіленген жерлер ауыл тұр­ғындарына мал жайылымы және шаруа қожалықтарына пайдалану үшін бері­ліп, осы өңірлерде жайылымға деген тапшылық азайды.

Бұдан басқа, қонақүйлер, кеңсе ғи­ма­раттары, ресторандар, бизнес-ор­та­лықтар, ірі қалалардағы шұрайлы жер телімдері, базарлар, теміржол инфра­­құрылымдары, қымбат зергерлік бұйым­дар мен басқа мүліктер мемлекетке қай­тарылды.

Алдымызда әлі де болса атқарылатын жұмыс көп. Қазір комитет елімізде және шетелде орналасқан жүздеген мү­лік бойынша талдау жүргізіп жатыр. Мил­лиондаған доллар тұратын құн­ды қағаздардың шығу тегі, екі жүз мың­нан аса күдікті бантік транзакциялар мен еліміздегі ондаған ірі кен орны бойын­­ша келісімшарттардың заңдылығы зерде­ленуде.

Нақты кәсіпорындар бойынша ак­тивтердің және мүліктердің пайда болу заңдылығы тексеріліп жатыр. Беделді халықаралық ұйымдар тарапынан қолдау тауып отырмыз. Еуропа Кеңесінің Адам құқықтары және Заң Үстемдігі жөніндегі Бас директоратымен активтерді қайтару бойынша бірлескен жоспар әзірлеу және орындау туралы алдын ала келісім жасауға қол жеткіздік.

ЕҚЫҰ халықаралық және ұлттық сарапшыларды тарта отырып, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруге көмек­тесіп жатыр. ЕҚЫҰ бірлесіп активтерді қайтару бойынша кешенді жобаны жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылмақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «GlobE Network» ғаламдық жедел желісіне мүше болдық. Ақпарат алмасу мақсатында аталған желінің «Threema» байланыс арнасы орнатылды.

Ақпан айында «Presight» компания­сының (G-42 корпорациясының құрамына кіреді) шығарылған активтерді анықтау жөніндегі сараптау платформасына қосылу туралы келісімшарт жасалды.

Аздаған топтың ел игілігін өз қолда­рына заңсыз шоғырландыруы еркін экономикалық дамуға ең басты кедергі болғанын атап өткен жөн. Сондықтан прокуратура бизнесте заңды нарықтық және адал бәсекелестіктің дамуына барынша күш салады.

Прокуратура бизнеске бақылау-қада­ғалау органдары тарапынан жасалатын қысыммен, әсіресе кәсіпкерлерді әкімшілік құқық бұзушылық және қылмыстық салаларда заңсыз қудалаумен табандылықпен күрес жүргізіп келеді.

Қазір кәсіпкерлердің қызметін шек­теу­ші мемлекеттік органдардың барлық шешімін прокуратура олардың заңды­лығы тұрғысынан алдын ала зер­делейді.

Жыл басынан қадағалаудың жаңа құра­лы «прокурор сүзгісі» арқылы мем­­­ле­кеттік органдардың жеке бизнес­ке қатыс­ты 3 мыңға жуық шешімдері өтті. Оның 608-і тексеру тағайындау туралы, ал 2056-сы – әкімшілік іс қозғау жөніндегі қаулылар. Оларды жете талдау арқасында заңсыз тексерулерге және шектеулер қоюға жол берілмеді, сонымен қатар 276 негізсіз айыппұл жойылды.

Жалпы, прокуратура 53 мыңнан астам кә­сіпкердің құқығын қорғап, 6 мыңнан ас­там мемлекеттік органдардың тыйым са­лу-шектеу шараларын жоюға қол жет­кізді. Бұл бағыттағы біздің қыз­метіміздің маңызды аспектісі – инвес­тициялық жобаларды сүйемелдеу. «Прокурорлық қал­қан» астына шетелдік инвесторлармен қатар ұлттық инвесторлар да алынған.

Бұл жұмыстың басты мәні – инвес­тор­лар­ды жұмыстың бастапқы сәтінен, мем­лекеттік органдардың, квазимем­лекет­тік сектор мен монополистердің акті­­лерінің жобалары мен әрекеттеріне ба­ға бере отырып жобаларды іске асыру­дың барлық сатысында құқықтық қолдау. Тек өткен жарты жыл ішінде Түркия, БАӘ, Германия, Сингапур, Қытай, Фран­ция, басқа да елдерден келген 350 инвес­тор осындай қолдауға ие болды. Олар­дың ел экономикасына үлесі – 6,4 трлн теңге, бұл дегеніміз – жаңа жұмыс орындары, бюджетке түсім, түптеп келгенде – елдің экономикалық әлеуетін арттыру.

Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында инвестор Ауыл шаруашылығы басқармасынан мал шаруашылығын дамыту үшін заңмен тиесілі субсидияны ала алмаған. Бұл проб­лема прокуратура араласқаннан кейін ғана шешіліп, кінәлі лауазымды адам жауапкершілікке тартылды.

Павлодарда салық органдары француз инвесторына негізсіз 100 млн теңгеге қосылған құн салығын төлеу туралы хабарлама берген. Прокуратура ол ха­бар­ламаның күшін жойып, құқық бұзу­шылыққа жол берген шенеунік тәртіптік жазаға тартылды.

Алматыда прокуратура кіріскен соң, 18 млрд теңге шамасындағы жобаларды жүзеге асырушы 21 инвестор сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне қосылды.

Қазіргі уақытта прокуратураның ба­қы­лауында 32 трлн теңгеге 770 инвес­тициялық жоба бар. Инвестициялық жо­баларды сүйе­мелдеу және бизнесті қор­ғау бойынша басты бағдарымыз – кәсіп­керлік еркіндігін қамтамасыз етуші, оның құқықтық, эконо­микалық және әлеу­меттік кепілдіктері анықталған «Эко­но­миканы ырықтандыру жөніндегі шаралар туралы» Президенттің 2024 жылғы 8 ма­мырдағы Жарлығын мүлтіксіз орындау.

Аталған құжатты іске асыру алгорит­мін маусым айында прокуратурада өткен бизнес-қауымдастықпен кездесу барысында пысықтадық. Оған Парламент депу­таттары, Президент Әкімшілігінің, Үкіметтің жауапты лауазымды адамдары, бизнес-омбудсмен, «Атамекен» ҰКП, «Kazakh Invest», «Самұрық-Қазына» ҰӘАҚ және «Бәйтерек» ҰҰБХ өкілдері қатысты. Іс-шара барысында бизнес өкілдері прокурорлардың инвест­жоба­ларды сүйемелдеу және олардың проб­лемаларын шешу бойынша жаңа функциясының маңыздылығын аса ризашылықпен атап өтті.

Экономикалық сектор мен инвести­циялық климатты жақсартуға күш салу мен баса назар аудару басқа, әсіресе қыл­мыстық-құқықтық саладағы қадағалаумен тығыз байланысты.

Көпшілік жағдайда құқық бұзушы­лық­тарды жұмыссыз жүрген адамдар жа­сайтыны белгілі. Ал дер кезінде іске асы­рылған инвестициялық жоба дегені­міз жаңа жұмыс орындарын ашуды білдіреді. Яғни елімізге келген инвестиция қылмысты азайтудың маңызды бір шарты бола алады деп айта аламыз.

Жалпы, өткен жылғы осы тектес кезең­мен салыстырғанда елде қылмыс­тылық 4,9% кеміді (72 575-тен 68 992-ге дейін).

Қылмыс аясына тартылған азамат­тардың конституциялық құқықтарын қор­ғау прокуратураның тұрақты және үздік­сіз қадағалауында тұр.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру заңдылы­ғын қадағалау саласында жыл басынан бері прокурорлар 178 мыңнан астам тергеу органдарының шешімдерін тексерді.

Прокуратура 13 мыңнан аса адамның конституциялық құқықтарын қалпына келтіріп, 1022 адамды негізсіз қылмыстық орбитаға тартуға жол бермеді. Тергеп-тексерудің барлық сатысына прокурор­лардың қатысуы азаматтардың консти­туциялық құқықтарының бұзы­луын екі есеге азайтуға мүмкіндік берді.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зом­былықтың жолын кесу және балаларды қылмыстық қол сұғудан қорғау да  – прокурорлар үшін маңызды бағыттардың бірі.

Биылғы сәуірде Мемлекет басшысы әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін күшейтетін заңға қол қойды. Заңмен Қылмыстық кодекске түзетулер енгізіліп, енді педофилия мен жас балаларды өлтіргені үшін тек қана өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілетін болды. Қазір осы заңды жүзеге асыру шаралары қабылданып жатыр.

Алаяқтыққа қарсы тұру да біздің назарымыздан тыс қалған емес. Өкінішке қарай, елдің жекелеген аумақтарында мұндай қылмыстардың саны, оның ішінде интернет-алаяқтық 4%-ға (яғни 9545-тен 9936-ке), биыл 10,4%-ға өсіп отыр (20,5 мыңнан 22,6 мыңға). Дей тұрғанмен мұндай қылмыстар­дың алдын алу және олармен күресу мақ­сатында күштеу органдары және басқа да уәкілетті органдар үздіксіз, кешенді, жоспарлы жұмыстар жасап жүр.Мысалы, тек кейінгі екі жыл ішінде 58 млн телефон қоңыраулары, оның ішінде бұрмаланған номерлерден жасалған қоңыраулар бұғатталды.

Одан басқа Бас прокуратураның үйлес­ті­руімен өткен жылғы қыркүйекте күштеу органдары мен басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен бұйрығымен бекітілген кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

Заңнамаға бірқатар өзгеріс күті­луде, соның ішінде алаяқтық белгісі болған жағдайда клиенттердің шағымы бойын­ша оның ақшасын алуға тыйым салу
бар.

Өткен жылдан бері азаптау қыл­мыс­тары толықтай прокуратураның тергеулік құзыретіне өтті. Ыстанбұл Хаттамасына сәйкес азаптау туралы қылмыстық істерді тергеу жөніндегі Нұсқаулық пен Методика және арыздарды тіркеу мен кезек күттірмейтін тергеу әрекеттерін жүргізу Алгоритмін бекіттік.

Ақмола және Қарағанды облыста­рындағы қоғамнан оқшаулау мекеме­лерінде орын алған азаптаулар бойынша резонансты істер соттың қарауына жолданды.

Қабылданған профилактикалық шаралар арқасында азаптау фактілері бойын­ша қылмыстық істердің саны 31,3%-ға азайды (99-дан 68-ге).

Прокуратура қызметінің конститу­циялық басты бағытының бірі – мемлекет­тік айыптауды қолдау арқылы соттарда мемлекет мүддесін білдіру.

Бұл біздің қылмыстық қудалау және құқық қорғау функцияларымыздың түйісетін жері. Сотта айыптаудан бас тарту да сирек емес.

Ағымдағы жылғы 6 айда Жоғары сотқа 170 адамға қатысты Бас прокурордың 113 на­разылығы енгізіліп, 82 адамның жаза мерзімдері қысқартылды немесе айып­тау жеңілдетілді, қосымша жазала­ры алынып тасталды және басқа шара­лар қабылданды. Төрт адам толық ақталды.

Сонымен қатар мемлекеттік айыптау­ды қолдау сапасына, прокурорлардың біліктілігін арттыруға да көңіл бөлініп отыр. Мысалы, осы жылы қыркүйекте «Ал­қа­билердің қатысуымен қылмыстық сот ісін жүргізуде мемлекеттік айыптау­ды қолдаудың өзекті мәселелері» тақыры­бында мемлекеттік айыптаушылар форумын өткізуді жоспарлап отырмыз.

Бас бостандығынан айыру мекемеле­ріндегі жағдай прокурорлардың тұрақты бақылауында, ондай бақылау бейнекамералар мониторингі арқылы да жүзеге асырылады.

Қылмыстық-атқару жүйесі мекеме­лерінде азаптауға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар да оң нәтиже беруде (12 ден 4-ке дейін азайды).

Қылмыстық-атқару жүйесі мекеме­лерінде азаптауға жол бермеу бойынша қабылданған шаралар оң нәтиже беріп келеді.

Осы жылы медициналық көмектің сапасы, өз-өзіне қол жұмсауға жол бермеу сияқты пенитенциарлық жүйенің өзекті мәселелерін шешуге назар аударып отырмыз.

Мемлекет қабылдап отырған заңды­лықты нығайту, құқық тәртібі және қыл­мыспен күресті күшейту жөніндегі шаралардың да нәтижесі байқалады. Атап айтсақ, Заң үстемдігі индексі бойын­ша Қазақстан төрт жыл қатарынан құқық тәртібі және қауіпсіздік рейтин­гінде өз көрсеткіштерін жақсартып келеді (2020 ж. – 0,78, 2021 ж. – 0,79, 2022 ж. –
0,80, 2023 ж. – 0,80).

Прокуратура органдары мемлекеттің конституциялық құндылықтарын нәти­желі қорғау және бұзуға жол бермеу мақсатында заңнаманы жетілдіру жұмы­сына белсенді қатысады.

Бұл бағытта Конституциялық сотпен өзара серіктесе отырып, жұмыс істеуге басты назар аударамыз.

Прокуратура өзінің қадағалау функ­­цияларын жүзеге асыра отырып, Конс­­титуциялық соттың шешімдерінің орындалуына зор үлес қосуда, өйткені – олар азаматтардың конституциялық құ­қық­тарын қорғаудың бірден-бір кепілі екені сөзсіз.

Прокурорлар 15 мың қылмыстық, 4,5 мың азаматтық істердің Конституциялық соттың шешімдеріне сәйкестігін тексе­ріп, сотталған адамдардың 3 мың арыз-шағы­мын, сондай-ақ сотқа дейінгі сатыда бұлтартпау шараларын қолдану туралы 3,5 мың материалды зерделеді. Нәтижесінде, 26 адамның құқығы қалпы­на келтірілді, оның бірқатары Консти­туциялық соттың шешімін орындамай жүрген уәкілетті органдарға 13 қадағалау актісін енгізе отырып жасалды. Мысалы, Абай, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыс­тарында 20 млн теңгеге азаматтардың зейнеткерлік құқықтары қалпына кел­тірілді.

Осы жылы Конституциялық сот Бас прокурордың 2 өтінішін қарап, норма­тивтік қаулы шығарды.

Біріншісі, прокурордың санкциясымен тұрғын үйден айыруға жол бермеу. Конституциялық сот шешім қабылдаған сәттен бастап прокурорлар бірде-бір санкция бермеді.

Екінші өтініш бойынша Конституция­ның 83-бабына ресми түсіндіру берілді. Конституциялық сот қабылдаған қау­лы соттарда мемлекет мүддесін білдіру­дегі прокурорлардың рөлі туралы. Бір­қатар процессуалды әрекетті проку­рордың қатысуынсыз тергеу соттарында санкциялауға қатысты құқықтық кем­шіліктер жойылды.

Мамыр айында конституциялық бақылау органының шешімдерін орындау­дың тиімділігін арттыру мәселесін талқы­лау мақсатында Конституциялық сот төрағасы және судьяларымен кездесу өткіздік.

Прокуратура жұмысының маңыз­ды бағыттарының бірі – халық­аралық қатынастар. Осы жылы Кипрмен соттал­ғандарды беру, Қатар мемлекетімен қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсету және беру жөніндегі халықаралық келі­сім­дерге қол қойылды. Парламентте Қазақ­стан Республикасы мен Вьетнам Социа­листік Республикасы арасындағы сот­тал­ған адамдарды беру туралы шартты рати­фикациялау туралы заң жобасы қаралып жатыр.

Қазақстанда қылмыс жасап, шетелде жасырынып жүрген адамдарды қыл­мыстық жауапкершілікке тарту мақ­сатында қайтару үшін бірқатар елдің құзырлы мекемелерімен қарым-қатынас орнатылуда. Жалпы, жыл басынан бері Ресей, БАӘ, Испания, Чехия, Польша, Түркия және басқа елден халықаралық іздеуде жүрген 29 адам экстрадицияланды.

Мысалы, Польшадан психотропты зат­тарды заңсыз айналымға салғаны және өткізгені үшін іздеуде жүрген трансұлт­тық қылмыстық топтың басшысы берілді. Испания 800 адамды 1 млрд теңгеге және Грузия 600 адамды 3 млрд теңгеге алдап кеткен қаржы пирамидаларын ұйым­дастырған алаяқтарды берді.

Жаһандық қатерлерге қарсы іс-қимыл өңірлік хабы қызметінің аясында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясы 771 тыңдаушы үшін 30 оқыту өткізді. Тыңдаушылардың арасында шетелден, халықаралық ұйымдардан келгендер де болды, оның ішінде АҚШ-тан, Тәжікстаннан, Литвадан, Украинадан және басқа елдерден.

Киберқылмыстарға, адам саудасы­на, қар­жы қылмыстарына, сыбайлас жем­­қорлыққа және осындай бас­қа да жа­hандық қауіптерге қарсы тұру мәселелері бойынша ұлттық жаттықты­рушылар дайын­дау жүргізіліп келеді.

Біздің жұмысымызда басымдық бері­ле­тін бағыттардың бірі – Бас проку­ратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің әлеуетін арттыру.

Аталған комитет жаңа цифрлы және инновация технологияларды енгізу, жа­­сан­ды интеллектті қолдану бойын­ша үлкен жұмыстар жасап жатыр. Про­­­­ку­­­рордың соттағы сөзін дайындау үшін жа­­санды интеллект технологиясын қол­­данатын инновациялық модуль әзірленді.

Қылмыстық және әкімшілік сот өн­дірістері, тексерулер тағайындау, аза­мат­тардың өтініштеріне қарау цифрланды. Әкімшілік құқық бұзушылықтардың бірыңғай тізілімі, Тексеру субъектілері мен объектілерінің бірыңғай тізілімі, «Талдау орталығы», «Құқық қорғау, арнайы және басқа да органдардың ақпарат алмасу жүйесі» және «Қадағалау» БАТЖ жасалып, жұмыс атқарылып жатыр.

Бас прокуратура әрі қарай да Мем­лекет басшысы Әділетті Қазақстан тұжы­рымдамасында атап өткен «Заң» және «Тәртіп» қағидасына сай заң үстемдігін нығайту үшін өз жұмысын жетілдіруді жоспарлап отыр.

Берік АСЫЛОВ,
Қазақстан Республикасының Бас прокуроры

Дереккөз: egemen.kz

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар