Такси тізгіндеген Татьяна

Әдетте, қажетті жеріңе жеткізер жүйткіген такси тізгінін ерлер ұстайды. Бұл бізге үйреншікті жағдай. Алайда, қазір заман өзгерді емес пе?!  Қызмет көрсету саласын жетік меңгерген нәзікжандардың да тәп-тәуір таксиші болып жүргенін көріп  жүрміз. Көлік қызметкерлері күні қарсаңында осы кәсіпті меңгерген қыз-келіншектердің жұмысына үңілуге тура келді. Сонымен, қоғам таксиші-әйелге қалай қарайды екен? 

Қазіргі таңда бұл кәсіптен табыс тауып жүрген қыз-келіншектер арамызда аз емес. Олар бұл қызметінен еш жасқанбайды. Тіпті, бірнеше жыл бойы көлік жүргізіп, кәсіби маманға айналған.  Қазіргі таңда адамдардың бір бөлігі «Яндекс таксидің» қызметіне жүгінеді, мобильдік қосымшамен тапсырыс берсең ол кез-келген жеріңе апарып тастайды. Мен де бір күні жұмыстан кеш шығып, такси шақыртқан едім, үш минуттан кейін таксиім келе қалды, жүргізуші әп-әдемі келіншек, есімі Татьяна екен. Екеуміз жол бойы әңгімелесіп келдік.

Сөйтсем, Татьяна Гапунованың айтуы бойынша такси жүргізушісі болып жұмыс істегеніне биыл сегіз жыл болыпты. Өзінің үш баласы бар екен, үлкен қызы 16-да, егіз ұлы мен қызы 7 жаста.

–Бұған дейін қыз-келіншектергеманикюр жасап, табыс табатынмын, әрі осы қызмет түрін басқаларға да үйрететінмін. Бір ай бұрынжазылыпқоятынклиенттерімде болды. Ондайда ауыруғада құқым болмайтын. Бірақ, жеті жыл бұрын жүкті болып, УЗИ анықтамасындағы дүниеге егіз баланың келетінін көргеннен кейін жолдасым 11 жастағы қызым екеумізді тастап кетті. Сол кезде жағдайым мүлде қиындай түсті. Не істерімді білмей, қатты уайымдадым. Ақыры әкемнің сол кездегі «Волга» көлігін алып, такси жүргізушісіне айналдым. Кезінде көлік жүргізуге әкем үйреткен болатын. Негізі, мен үшін такси жүргізуші болу ыңғайлы. Неге десеңіз, балаларымды балабақшаға, ал, қазіргі кезде өсіп қалғаннан кейін, мектепке апару, одан қалды, бірнеше үйірмелерге жеткізу, осының барлығы өз мойнымда. Себебі, мен анамын, оларды дүниеге әкелген соң, әрқайсысына жауаптымын. Менің ең басты мақсатым мен арманым, осы балапандарымды ел қатарлы етіп тәрбиелеу. Әрине, ешкімнен кем болмағанын қалаймын. Бір жақсысы, пәтер жалдап тұрмаймыз. Астанаға көшіп кеткен ата-анамның үйінде тұрамыз. Жолдасымның осы күні тіпті, қайда екенін де білмеймін. Сол жеті жыл бұрын кеткеннен оралған жоқ. Қазіргі кезде оған іздеу салып, алиментке берейін дегенмін. Өйткені, балалар өсіп келеді ғой, оқуға түссе, тым болмаса соның қаражатын төлеуге көмектессе екен деген ойым бар, – дейді өз сөзінде Татьяна.

Татьянаның айтуы бойыншанақтытапқантабыстыңбір бөлігін Яндекс бағдарламасы, екінші бөлігін таксопарк ұстайды екен. Әр қызметкердің табысынан 10пайыз мөлшерінде салық та ұсталады. Есеп тапсыру міндеті жоқ. Жүргізушілердің келісімімен салықтар мен әлеуметтік төлемдерді ұстау және аудару «Яндекс» арқылы жүзеге асырылады. Сонда ұсталатын қаражат көп екен, бұл жұмыстың пайдасы бар ма деген сұрағыма, Татьяна:

–Қалай болғанда да бұл менің жұмысым. Балаларымды астымдағы темір тұлпарым арқылы асырап отырмын. Жұмысымның бір ерекшелігі, бір жерде күні бойы байланып отырмағанымда. Мысалы, сол бұрынғы тырнақты әрлейтін жұмысымды алсақ. Күні бойы клиент күтіп, шыға алмайсың. Ал, мұнда бос уақытымда балаларымды баратын жеріне апарып-алып келемін, жолда бағдарламаны қосып қойып, жол-жөнекей басқа адамдарды апарып тастаймын. Барлығы күнкөрістің амалы ғой, – деп жауап берді.

Міне, осылай бала-шағасының қамын ойлап шырылдап жүрген жалғыз басты аналар, қазіргі кезде өкінішке орай, көбейіп барады. Бүгінгі менің кейіпкерім Татьянаға шыдамдылық пен табандылық тілей отырып, армандаған мақсатына жетуіне тілектестік білдірдім.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар