Үйлер салынумен қатар,  сатып алынып жатыр

Ауданда көктемгі су тасқыны салдарынан үйлері зардап шеккен және апатты деп танылған тұрғындар үшін 21 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

Аудандық әкімдіктің берген мәліметіне сүйенетін болсақ, қазіргі таңда құрылысы жүргізіліп жатқан барлық үйлердің қабырғалары тұрғызылып, сегіз үйдің шатыры жабылыпты. Қалғандарында шатыр каркастары бекітіліп, 15 үйдің терезелері мен есіктері орнатылған.

Айта кетейік, тұрғын үй құрылысы «Нұр Астана Құрылыс» серіктестігінің өз қаражаты есебінен жүргізілуде. Жобаның құны – 500 миллион теңге. Сондай-ақ, облыстық бюджет қаражаты есебінен инженерлік инфрақұрылым құрылысы жүргізілуде.

Осы орайда, ерекше екпін түсіре атап өтерлік жайт, ауданда су тасқыны салдарын азайту бойынша жүргізіліп жатқан жүйелі жұмыстардың нәтижесінде, 188 өтініш беруші ақшалай төлемдер мен тиісті өтемақы алып отыр. Сондай-ақ, ауданда 37 үй апатты деп танылған. Тарқатып айтар болсақ,  оның 19 -ы ауылдарда, 18-і Есіл қаласында. Су тасқынынан үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету үшін «Асар Ақмола» қоғамдық қорының қаражаты есебінен «қайталама тұрғын үй» санатынан 16 пәтер сатып алынды.

                                             «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар