Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Он бір көп пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде - АРҚА АЖАРЫ

Он бір көп пәтерлі тұрғын үй бой көтеруде

Биыл ауданда көктемгі су тасқыны кезінде 395 тұрғын үйді су басты, оның 209-ыжарамсыз деп танылды. Зардап шеккендерге 45 пәтерлік төрт тұрғын үй пайдалануға берілді.

Бұрынғы медициналық училищенің жатақхана ғимараты да зардап шеккен 29 отбасына арналған тұрғын үйге айналдырылды.2017 жылы 636 үй су тасқынынан зардап шексе, оның ішінде 459 үй одан әрі  тұруға қауіпті деп танылған еді.

Бұл мәселені түбегейлі шешу үшін су тасқынынан зардап шеккендерге арналған 45 пәтерлік он бір тұрғын үйдің құрылысын бастау туралы шешім қабылданды. Бүгінгі таңда Атбасар қаласының №1 шағын ауданында жүз пәтерлік бес тұрғын үй салынып жатыр. Оны жүзеге асыру   құны 1 миллиард 187 миллион ​теңге. Жобаны 2024 жылы аяқтау үшін «Асар Ақмола» қорынан 428 миллион теңге бөлінді.

Сонымен қатар, Атбасар қаласының №1 шағын ауданында жүз пәтерлік бес тұрғын үй салынып жатыр, салыну құны 1 миллиард 326 миллион теңге. Бұл  жаңа үйлерге де «Асар Ақмола» қорынан қосымша 125 миллион теңге қаржы бөлінген.

Сондай-ақ, су тасқынынан зардап шеккендер үшін «Асар Ақмола» қоры есебінен 238,5 миллион теңгеге 38 тұрғын үй сатып алынды.

Сонымен қатар, ағымдағы жылдың мамыр айында 2024 жылы су тасқынынан зардап шеккендер үшін қосымша 100 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды. Бас мердігер – «УК Строй» ЖШС. Құрылыстың аяқталуы жыл соңына жоспарланған. Қазіргі таңда үйдің 4-інші қабатының құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Атбасар ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар