Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұрт көңілінен шыққан жәрмеңке - АРҚА АЖАРЫ

Жұрт көңілінен шыққан жәрмеңке

Таяуда Степногорск қаласының құрылғанына 60 жыл толады. Осы мереке аясында қала тұрғындары үшін сенбі сайын ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өткізілуде.

Мұндағы баға базардағы бағадан әлдеқайда арзан. Сондықтан, жергілікті өнімдерді сатып алуға келетін қала тұрғындарының қарасы қалың. Қалалық кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы Дмитрий Туфанов та осы бір игі істің ортасынан табылып, саудагерлер мен тұтынушыларға қолайлы орта жасау мақсатында жарғақ құлағы жастыққа тимеуде. Оларға орын беру, өнімдердің сапасын тексеру сияқты маңызды міндеттер осы маманға жүктелген. Мал етін сатуға міндетті түрде мал дәрігерлерінің рұқсат мөрі басылуы шарт. Осындай қарбалас шаруаның басы-қасынан табылатын азаматқа жүктелген жауапкершілік жүгі мол.

Жалпы, жыл басынан бері Степногорск қаласында осындай 31 жәрмеңке өткізілген екен. Бағасы арзан жәрмеңкеде жалпы құны 361 748 795 теңгенің өнімі сатылған. Ал, былтырғы жылдың дәл осы кезеңінде 342 907 680 теңгенің өнімі сатылған болатын.

Күні кеше өткізілген  жәрмеңкеде сиыр етінің әр келісі 2300 теңгеден сатылды. 2000 теңгеден сатылып жатқаны да бар. Қой еті 2400 теңгеден, ал, жылқы еті 2600 теңгеден саудалануда. Сүттің литрі 380 теңгеден ұсынылуда. Қырыққабат 130 теңгеден, картоп 250 теңгеден және жуа 150 теңгеден сатылып жатыр. Мұнда басқа да өнімдер жетерлік. Оңтүстіктен әкелінген қарбыздың бір келісі 120 теңге.

Өнеркәсіптік қаланың тұтынушылары осындай жәрмеңкенің жүйелі өтіп тұрғанына дән риза. Өнімдерді ұсынушылар қала кәсіпкерлері мен іргедегі ауылдардан келген шаруа қожалықтары.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар