Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
42 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде - АРҚА АЖАРЫ

42 мектеп күрделі жөндеуден өткізілуде

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренованың төрайымдылығымен жаңа оқу жылына білім беру нысандарының дайындығы жөнінде облыстық білім басқармасының өкілдерімен, аудан әкімдерімен және мердігерлермен жұмыс кеңесі болып өтті.

Бұл дайындықтың маңызды тұстарының бірі – білім беру ұйымдарына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу.

Бүгінгі таңда мердігерлік ұйымдар кестеге сәйкес жұмыс істеуде. Облыс бойынша 42 мектепке күрделі жөндеу жүргізуге 7,9 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде 20 білім ордасына «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша 2,9 миллиард теңге қарастырылып отыр. Осы нысандардың 10-ындатиісті жұмыстар аяқталған. Ал, 32 білім беру нысаны бойынша жөндеу одан әрі жалғасуда. Бұл жұмыстарды 25 тамызға дейін аяқтау жоспарланып отыр.

Кеңесте жұмыс сапасы мен мерзіміне назар аударылып, бірқатар нысандар бойынша қарқынның төмен екендігі, оның себептері талданды.

– Әркім өзіне жүктелер жауапкершілік жүгін жете түсінуі керек. Нысандарды тапсыру мерзімінің кешіктірілуіне жол беруге болмайды. Осы бастан бұл жөнінде сұраныс қатаң болатынын ескертеміз, – деп атап өтті бұл туралы өз сөзінде облыс әкімінің орынбасары Алтынай Байқадамқызы.

Кеңесте сондай-ақ,  өз нысандарында жөндеу жұмыстарын кешіктіріп жатқан мердігерлік ұйымдардың басшыларына өз учаскелерінде осы іске бақылауды күшейтутапсырылды.

Мұндай талаптың себебі де белгілі. Жаңа оқу жылының басталуына санаулы күндер қалды. Ал, кей жерлерде білім ошақтарынжөндеп, 1 қыркүйекке сақадай сай ету шаралары сын көтермейді. Сондықтан,  жұмыстарды орындау мерзімдерін бұзғаны үшін жауапты мемлекеттік органдардың басшыларына және мердігерлерге тиісті шаралар қолданылатын болады.

Бұған қоса, кеңесте облыстық құрылыс басқармасының өкілдері «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске асыру барысы және «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша салынып жатқаннысандарды іске қосу туралы есеп берді.

Ағымдағы жылы 12 200 орындық 9 мектептің құрылысын аяқтау жоспарланған, оның ішінде Целиноград ауданында 9200 орындық 7 мектеп, соның ішінде 1 қыркүйекке дейін оның 4-еуі, 1 қарашаға дейін 3-еуі, ал, Көкшетау қаласында жыл аяғына дейін 3000 орындық 2 мектеп пайдалануға берілмекші.

Бүгінгі таңда облыс бойынша барлық мектептер әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар