Аудан орталығы Есіл қаласында жаңа дене шынықтыру-сауықтыру кешені келушілерге есігін айқара ашты.
Кешенде жүзу бассейні, волейбол және баскетбол алаңдары, спорт залы бар. Мұндағы спорт секцияларына 200-ден астам бала тегін қатыса алады. Кешеннің құрылысына облыстық бюджеттен 700 миллион теңге қаражат бөлінді. Жалпы ауданы 2,5 мың шаршы метр.
Осында балаларды спортқа баулып жүрген жаттықтырушы Вусал Мамедовтың айтуынша, олар жаттығуларға қуана қатысады.
– Осындай орталықтарда, әсіресе, балаларға арналған спорт залдарының болуы өте құптарлық. Сәтін салса, осы кешеннің пайдалануға берілуімен бізде де шеберліктерін шыңдап, өскелең ұрпақты түрлі жарыстарға қосуға жақсы мүмкіндік бар, – дейді бапкер.
Енді Есілде осындай үлкен және кең залдарда жаттығуға үлкен мүмкіндік беретін орталық пайда болды.Бір атап өтерлігі, бұл өз жүзу бассейні бар аудандағы алғашқы спорт кешені.
Асылай ҚАДЫРҚЫЗЫ.
Есіл ауданы.