Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
«Жаңа көзқарас» – жас суретшілер ізденісі - АРҚА АЖАРЫ

«Жаңа көзқарас» – жас суретшілер ізденісі

Жуырда облыстық орыс драма театрында «Жаңа көзқарас» көрме-дефилесі болып өтті. Қаламыздағы «Гранат» студиясының тәрбиенушілері бұл шараның көрсетіліміне екі жылдай дайындалған көрінеді. Олар өз жұмыстарын футболкаларға басып шығарып, көпшілікке ұсынды.

Этнокөрмеге 20-ға тарта жұмыс қойылды. Бейнеленген картиналарда өскелең ұрпақтың көзқарасы мен сезімдері көрініс тапқан.

– Көрмені ұйымдастыруға, идеяны дамыту мен картиналар жасаудан бастап, тауар сату мен іс-шара өткізуге дейін студия тәрбиенушілері үлкен үлес қосты. Жобаның ерекшелігі – балалар этностилистиканы заманауи жанрда беруге тырысқандығында. Тағы бір атап өтерлігі, осы еңбек арқылы табыс табуға да мүмкіндіктің ашылғанын айтуға болады. Қазір әлем бойынша ерінбеген адамға табыс көзін табуға ыңғайлы заман. Суретші кедей деген ұғым өткеннің еншісінде қалып келеді. Дәл қазір суретшілер ақша табудың көзін біледі. Мен өскелең ұрпаққа осыны айтқым келеді. Мен үшін жасөспірімдердің арт-жобаларын – этностильдің заманауи тұсаукесерін көрсету, олардың өздерін сұранысқа ие өнімді жасаушылар сияқты сезінулері маңызды болды. Шығармашылық адамдары үшін, әсіресе, жасөспірімдер үшін бұл өте маңызды, – деді өз сөзінде «Гранат» шығармашылық студиясының басшысы Анар Саттыбаева.

Студия идеясын «Ақай» сән үйі қолдап, дарынды жасөспірімдерге сән үйінде экскурсия ұйымдастырып, футболкалар мен шоперлерге суреттерін басып шығаруға көмектесті. Сән көрсетіліміне арналған модельдерді «New Face» модельдік мектебі ұсынды.

Картина авторы Рабиға Салықова өз туындысын «Атамұра» деп атапты. Бойжеткен Қазақстанның сан қырлы табиғаты мен мәдениетінғажайыпетіпбейнелеген. Суреттегі таулар, жазықдаладағытамырынтереңгежайғанағаштар қазақ халқының қайсарлығы мен қажыр-қайратының символы іспетті. Ағаш тамырлары көне түркі нақыштары мен мәдени элементтер түрінде берілген. Ежелден келе жатқан ата-бабадан қалған мұраны білдіреді. Рабиға бұл жұмысқа жарты жыл уақыты кеткенін айтады.

–Ұлттық салт-дәстүріміз бен көрікті жерлерімізді, мәдениетімізді жеткізгім келді. Мұнда кездейсоқ элементтер жоқ, әрқайсысы белгілі бір мағына береді. Мысалы, сәукеле – жас қыздың көркі, домбыра – ұлттық аспабымыз, қазақ даласының үні. Шығармада таулар мен далалар, бас қаламыздың символы болып табылатын Бәйтерек бейнеленген, – дейді жас суретші.

Қазір Рабиға мен басқа да балалардың туындылары футболкалар мен шоперлерде безендірілген. Көрмеге келушілер  өздеріне ұнаған тауарды немесе картинаның өзін сатып ала алады.

–Кез келген туындыға дұрыстап үңіліп қарайтын болсаңыз, балалардың өз суретін қалай сипаттағанын көресіз. Жүрек елжіремеуі мүмкін емес. Бұл суреттерде зор сүйіспеншілік пен терең мағына жатыр. Сондықтан, мен «Гранат» шығармашылық студиясына шығармашылық шабыт тілеймін. Осындай қызықты жобалары көп болсын. Шынында да, бүгінгі заман бәрін өз жүрегіңмен сезіне білуге үйретеді, – деді өз сөзінде көрмеге келген қоғам қайраткері Елена Мащинская.

Сонымен қатар, «Гранат» студиясын Қазақстан Суретшілер одағы облыстық филиалының басшысы Юрий Попов та құттықтады. Ол қазіргі заманғы өнерге деген ерекше көзқарас пен жас суретшілердің қызықты техникасын атап өтті және де балаларға алдағы уақытта табыс тіледі.

Көрмеге қойылған туындыларды тамашалаған соң, іс-шара көрсетіліммен аяқталды. Облыс орталығының тұрғындары жас өнерпаздардың қолынан шыққан ұлттық бұйымдарды сатып алып жатты.

Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар