Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Көкшетауда XV Ұлттық Дельфий ойындары өз мәресіне жетті - АРҚА АЖАРЫ

Көкшетауда XV Ұлттық Дельфий ойындары өз мәресіне жетті

Алғаш ретбіздің облысымыз қабылдап, төрт күнге жалғасқан XV Ұлттық Дельфий ойындарыбір күн болмай өте шықты. Басты мақсаты еліміз бойынша дарынды да, талантты жастарды анықтау және қолдау, жас орындаушылардың кәсіби өсуіне ықпал ету болып табылатын аталмыш ойын қызықты әрі көңілді сәттерге толы болды.

Еліміздің 15 қаласынан келген қатысушылар үшін 25 алаңда шығармашылық жарыстар ұйымдастырылды. Оған 8-ден 25 жас аралығындағы 650-ден астам адам қатысты.Осыған орай, өткен сенбі күні «Көкшетау» мәдениет үйінде ҰлттықДельфий ойындарының қорытындысы шығарылып, қатысушыларды марапаттау рәсімі өтті.Шақырылған қонақтардың қатарында мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың басшылары, еліміздің көрнекті мәдениет және спорт өкілдері болды. Әділқазылар алқасының құрамында республиканың түкпір-түкпірінен 15 Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері болды. Ойын ережесі бойынша қатысушылар 25 номинация бойынша үздік атаққа бақ сынады.Әр номинациядағы топтық және жеке өнер көрсетуде үздік шыққан, сөйтіп, жас ерекшеліктеріне қарай, жүлделі орындарды иеленген 140-қа жуық өнерпазға Алғыс хат пен  XV Ұлттық Дельфий ойындарының медалі тапсырылды.

Олардың арасында өзіміздің жерлестеріміз, ақмолалықтардың да бой көрсеткені өте құптарлық. Атап айтқанда, «Заманауи би» номинациясында 1 және 2 орындарды Көкшетау қаласынан «Гравитация» және «Полянка» би ұжымдары иеленсе, «Бейнелеу өнері» номинациясында өз топтарында Нұрлан Әубәкір екінші орынды еншіледі, ал, Томирис Дәулетова жеңімпаз атанды. Оған қоса, «Халық аспаптары» номинациясындақобыздан 14-17 жас аралығындағылардан Дариға Қадырбай екінші орынды иеленсе, дәл осы жас санатындағы «Эстрадалық ән» номинациясында әділқазыларды тәнті етіп, Әмина Жапар жеңіске жетті. Сол сияқты,көкшетаулық балалар «Скрипка», «Фортепиано», «Халық әні», «Үрлемелі аспаптар», «Театр өнері» номинацияларында әр түрлі жас санаттарында өнер көрсетіп, жүлделі орындарды иеленді.

Ал, командалық сайыстың қорытындысында жеңімпаздар саны бойынша жетекші орынды Қарағанды ​​облысы иеленді. Осы өңірден келген делегацияға Дельфий туы салтанатты түрде табыс етілді. Шығармашылық форумның салтанатты жабылуы «Көкшетау» мәдениет үйінде Гала-концертпен аяқталды. Сөйтіп, ақмолалықтар өздеріне жүктелген үлкен міндетті абыроймен атқарып, дүбірлі доданы ұйымшылдықпен өткізе білді.

Еске сала кетейік, Ұлттық Дельфий ойындарының бұл жолғы жеңімпаздарынан Бішкекте өтетін XVIII Халықаралық жастар Дельфий ойындарына және алғашқы балалар Дельфий ойындарына қатысу үшін Қазақстан ұлттық құрамасы жасақталды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар