Жолдар жөнделіп, күтімі ойластырылуда

Ауданда жолдардың сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жобалар жүзеге асырылуда.

Бүгінгі таңда Есіл ауылындағы көшелерді орташа жөндеу жобасы мен Баяғыз ауылына кіретіноблыстық маңызы бар жолдың төртінші шақырымында орташа жөндеу жұмыстары аяқталса, «Новокиенка-Перекатное тас жолы да жөнделуде. Оған қоса, Жақсы-Киров аудандық автожолының жетінші шақырымындағы су өткізгіш құбырды орташа жөндеуге, оған тиісті материалдарды жеткізуге дайындық жұмыстары басталған.

Сондай-ақ, ауданда биыл жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарын орташа және ағымдағы жөндеу бойынша 13 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Олар Киров, Жақсы, Калинин, Жаңа Қима, Терісаққан,Тарасовка ауылдарындағы бірқатар көшелерінің бойларындағы ауылішілік жолдарды орташа жөндеу жұмыстары. Осындай жұмыс Подгорное ауылындағы Школьная көшесінде толығымен аяқталған. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, аталған жобаларды қоса алғанда, ағымдағы жылы барлығы 12,9 шақырым жол жөнделеді. Ал, өткен жылы ауданда 19 шақырымнан астам жол жөнделген.

Айта кетейік, ауданда ұзындығы 260 шақырымды құрайтын 253-ке жуық жол бар. Оның 118,7 шақырымы асфальт бетонды жамылғымен қамтамасыз етілген.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Жақсы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар