Аудан әкімі Серік Балжанов Свободный ауылында ауысымына 45 адам қабылдайтын дәрігерлік амбулатория құрылысымен танысты. Бас мердігер – Көкшетау қаласының «Қайырғожа и К» серіктестігі. Бүгінгі таңда жер қазу және іргетас дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Бұл жоба Мемлекет басшысының өткен жылдың қыркүйек айында «Әділ мемлекет. Біртұтас ұлт. Гүлденген қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларына негізделген «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» пилоттық жобасы шеңберінде іске асырылуда. Жоба 2023-2025 жылдарға арналған. Оның мақсаты – ауыл тұрғындарын медициналық көмекпен, соның ішінде мамандандырылған көмекпен толық қамту.
Салтанат БӘКІРОВА,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Есіл ауданы.