Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Сан мен сапаға тең көңіл бөлінгені жөн - АРҚА АЖАРЫ

Сан мен сапаға тең көңіл бөлінгені жөн

Ақмола облыстық мәслихатының депутат Саят Сыздықовтың төрағалығымен өткен әлеуметтік мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысына қатысушылар дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыруды іске асырудың сапасын, бұқаралық спорт түрлерін дамытудың мәселелері мен перспективаларын қарады.

Аталған мәселе бойынша облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ардақ Төлендин сөз сөйледі. Ведомствоның мәліметінше, 2024 жылы балалар мен жасөспірімдерге арналған спорт секцияларын жан басына шаққандағы қаржыландыруға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат көлемі 1,9 миллиард теңгеден асады. Бүгінгі күні damubala.kz платформасында мемлекеттік спорттық тапсырыстың 151 жеткізушісі тіркелген, оның 91-і қызмет көрсетеді. Ваучерлер damubala.kz платформасында кезек тәртібімен автоматты түрде беріледі.

Мемлекеттік спорттық тапсырысты жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінде спорттың 64 түрі қарастырылған, оның ішінде ерекше физикалық қажеттіліктері бар спортшылар үшін де спорт түрлері қамтылған. Ақмола облысындағы осы 64 атаудың ішінен спорттың келесі 20 түрі бойынша өтінімдер мақұлданды. Бұл – еркін және грек-рим күресі, бокс, дзюдо, каратэ, қазақ күресі, шахмат, футбол, мини-футбол, шаңғы жарысы, үстел теннисі, спорттық би, таеквандо, жүзу, волейбол, баскетбол, көркем гимнастика, бейімделген каратэ және теннис.

2024 жылғы 5 қыркүйектегі жағдай бойынша 10714 ваучер іске қосылды. А.Төлендиннің айтуынша, мемлекеттік спорттық тапсырыс облыстың келесі өңірлері: Бурабай, Зеренді, Шортанды, Атбасар, Целиноград, Бұланды, Астрахан, Аршалы, Қорғалжын, Егіндікөл, Ерейментау, Ақкөл, Есіл, Сандықтау аудандары мен Көкшетау, Қосшы, Степногорск қалаларында белсенді дамып келеді.

Тиісті ақпаратты тыңдап, талқылағаннан кейін облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының мүшелері мемлекеттік бағдарлама мыңдаған балаларға спортпен тегін шұғылдануға мүмкіндік беретінін атап өтті. Алайда, сандарды ғана айту жеткіліксіз. Балаларды оқыту үдерісіне, жаттықтырушылар құрамын даярлауға және жаттығуларға барынша қолайлы және сапалы жағдай жасауға бақылауды күшейту қажет.

Осыған байланысты бюджет қаражатының игерілуін және арнайы бағдарламалық қамтамасыз етуді бақылау бойынша Көкшетау қаласы білім басқармасының басшысы Айгүл Нөгертаева ойымен бөлісті.

Депутаттардың пікірінше, бейінді басқарма мемлекеттік спорттық тапсырысты өткізу сапасына және бюджет қаражатын тиімді пайдалануға бақылауды арттыруы, балалардың спорт секцияларына қатысуын ерекше бақылауға алуы, сондай-ақ, ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтуі қажет.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар