Жуырда аудандық мәдениет үйінде бірінші сынып оқушыларына арналған «Тілашар» мерекелік іс-шарасы өтті. Мектеп өмірінің басталуына арналған бұл дәстүрлі іс-шара кішкентай жеткіншектер мен олардың ата-аналары үшін жарқын және есте қаларлық мерекеге айналды.
Аталған шара бағдарламасы өте қызықты болды. Себебі, балаларға танымал кейіпкерлердің қатысуымен түрлі-түсті ертегі қойылымы ұйымдастырылды. Бұл көрермендерді ертегілер мен қиялдардың сиқырлы әлеміне бойлатты. Бірінші сынып оқушылары қатысқан көңілді ойындар жағымды әсерлер тудырды. Ал, музыкалық әуендер қуаныш пен мереке сыйлады. Сондай-ақ, ойын алаңында тәттілер сатылатын жеке орын да жұмыс істеді. Бұдан бұрын Мәдениет үйіне кіре берісте бірінші сынып оқушыларын мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, жарқын қуыршақтар қарсы алды. Сонымен қатар, жергілікті әртістердің түрлі қойылымдары бар ойын-сауық концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.
Жалпы алғанда, іс-шара бірінші сынып оқушылары үшін қуанышқа толы болды. Оны білім мен өмірлерінің жаңа кезеңіне алғашқы қадамдарының игі нышаны десек қателеспейміз.
Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.
Есіл ауданы.