Жуырда аймақтағы тұңғыш халықаралық Wyndham Residences Aqkol қонақ үйі және Ақкөл ауыл шаруашылығы колледжі арасында әріптестік туралы меморандумға қол қойылды.
Енді колледж студенттері әлемдік деңгейдегі қонақ үйде «Тағамдық қызмет көрсетуді ұйымдастыру» және «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бағыттары бойынша нақты жұмыс жағдайында тәжірибелік сабақтардан өтіп, құнды тәжірибе мен дағдыларға ие болады.
Ақмола облыстық туризм басқармасының басшысы Андрей Подгурскийдің айтуынша, серіктестік қонақ үй индустриясы саласының білікті мамандарын даярлауға септігін тигізіп қана қоймай, өңірдегі қызмет көрсету сапасын да арттыра түседі. Мұндай бастамаларды қолдау бизнестің өңір экономикасын дамытудағы маңызды рөлін айғақтайды.
Меморандум өскелең ұрпақты қолдауға және өңір әлеуетін арттыруға бағытталған ұзақ мерзімді ынтымақтастыққа жол салып отыр.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.