Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Өнегелі өмір жолының шырайы - АРҚА АЖАРЫ

Өнегелі өмір жолының шырайы

Қыркүйектің соңғы жексенбісінде елімізде Еңбек күні аталып өтеді. Осыған орай, орталық қалалық модельдік кітапханасында «Елімнің мақтанышы – еңбек адамы» деген тақырыппен еңбек ардагері Лариса Ханафиқызы Аитовамен кездесу болып өтті.

Қазіргі әлемде 40 мыңнан астам мамандық бар. Олардың арасынан өзіңді табу оңай емес. Мамандықтар әлемі сан қилы, әр мамандық өз кезегінде құрмет пен қошеметке лайық. Бұл кездесуіміз журналист мамандығына арналған. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың мамандық туралы білімдерін толықтыру, оқушыларды журналист мамандығымен таныстыру, біздің өмірімізді мағыналы әрі жақсы етуге көмектесетін осы кәсіп иелеріне деген құрмет сезімін ояту.

Лариса Аитова Тюхтинка атты өзен жағасындағы Профинтерн деген аты бар кішкентай ауылда дүниеге келді. Әкесі қуғын-сүргінге ұшыраған. Кейін Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Анам өмір бойы ауыл мұғалімі болды, оның қолдары мен жүрегі арқылы балалардың үш ұрпағы өтті» деп еске алады Лариса апай. Мектепте оқып жүргенде ол өзін Көкшетау аудандық газетінде сынап көре бастады. Ал, мектептен кейін осы «За коммунизм» газетінің редакциясына жұмысқа келді. Бір жылдан кейін оқуға түсіп, С.М.Киров атындағы ҚазМУ-дің журналистика факультетінің студенті болды. Жұмыс істеген бірінші газеті редакциясы Торғай облыстық «Тургайская новь» газеті. «Менің қазақстандық журналистикадағы шынайы өмірім осылай басталды. Содан кейін менің бүкіл журналистік жолым туған қалам мен облысымда өтті. Радиода жұмыс істедім,  теледидарда өз күшімді сынап көрдім.  Өмірдің қиын сәттерінде түсіністік пен қолдау білдіргені үшін жақын адамдарыма алғысым шексіз. Мен үшін марапаттарымның ішіндегі ең маңыздысы, Кеңес Одағының Батыры Мұса Жәлил туралы фильм мен кітабым үшін халықаралық медаль».

«Неліктен журналист мамандығын таңдадыңыз?» деген сұраққа ол: «Бір дана адам «Бақыт деген таңертең жұмысқа барғың келсе, кешке үйге қайтқың  келетінің» деген екен. Менің ойымша, журналистің міндеті адамдармен шынайы ақпаратпен бөлісу. Қазіргі журналист оқырманның немесе көрерменнің жүрегі мен санасына жету үшін нағыз психолог болуы керек. Журналистке әрқашан үлкен жауапкершілік жүктеледі» деп жауап берді.

Лариса Ханафиқызы табиғи шығармашылық адамы. Ол тек журналист емес, қол өнер шебері. Бала кезінен суретші-дизайнер болуды армандаған ол өзінің көптен бергі арманын үйіндегі таңғажайып кенептерде орындайды. Суреттер жасайды, кесте тігумен айналысады.

Лариса Ханафиқызы Аитова «Костер моей памяти», «Забвению не подлежит», «Родительский дом» кітаптарының, сансыз мақалалардың, эскиздердің, сұхбаттардың, туған өлке, ақмолалық жерлестері туралы репортаждардың, көптеген облыстық шығармашылық конкурстардың дипломанты. Белгілі жазушы, Татарстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Черная Колыма» романының авторы Ибрагим Салахов туралы кітап пен деректі фильмі үшін «Мұса Жәлилдің туғанына 110 жыл» медалімен марапатталды. Жақында туған Көкшетауының 200 жылдық мерейтойы аясында атақты жерлес жазушы Ибрагим Салаховты еске алуға арналған «Я хочу вам рассказать…» жинағы жарық көрді және бұл кітапты Лариса Ханафиқызы біздің кітапханаға да сыйға тартты. Кездесуде ол қатысып отырған жастарға бақыт пен жақсылық, көпұлтты республикамыздың өркендеуін тілеп, еліміздің болашағы жас ұрпақтың қолында екенін атап өтті.

Іс-шара соңында «Истинная журналистика –это газета» атты кітап көрмесіне шолу жасалды. Содан кейін  кітапхананың қызмет көрсету бөлімінің меңгерушісі Лариса Минина сөз алып, кітапхана қызметкерлері ана туралы музыкалық композицияны орындады.

     Жанаргүл ӘБДІРАХМАНОВА,
 Көкшетау орталық қалалық кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар