«Тілашар» – білімге жол ашар

Жуырда аудандық мәдениет үйінде бірінші сынып оқушыларына арналған «Тілашар» мерекелік іс-шарасы өтті. Мектеп өмірінің басталуына арналған бұл дәстүрлі іс-шара кішкентай жеткіншектер  мен олардың ата-аналары үшін жарқын және есте қаларлық мерекеге айналды.

Аталған шара бағдарламасы өте қызықты болды. Себебі, балаларға танымал кейіпкерлердің қатысуымен түрлі-түсті ертегі қойылымы ұйымдастырылды. Бұл көрермендерді ертегілер мен қиялдардың сиқырлы әлеміне бойлатты. Бірінші сынып оқушылары қатысқан көңілді ойындар жағымды әсерлер тудырды. Ал, музыкалық әуендер қуаныш пен мереке сыйлады. Сондай-ақ, ойын алаңында тәттілер сатылатын жеке орын да жұмыс істеді. Бұдан бұрын Мәдениет үйіне кіре берісте бірінші сынып оқушыларын мерекелік көңіл-күй сыйлайтын, жарқын қуыршақтар қарсы алды. Сонымен қатар, жергілікті әртістердің түрлі қойылымдары бар ойын-сауық концерттік бағдарламасы ұйымдастырылды.

Жалпы алғанда, іс-шара бірінші сынып оқушылары үшін қуанышқа толы болды. Оны білім мен өмірлерінің жаңа кезеңіне алғашқы қадамдарының игі нышаны десек қателеспейміз.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

 Есіл ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар