Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жастайынан абыройлы жолда - АРҚА АЖАРЫ

Жастайынан абыройлы жолда

«Екі қолға – бір күрек» демекші, адам баласы еңбекпен ғана көгеріп, еңбекпен ғана өседі. Еңбек еткен адам мақсатына жетіп, діттегенін бағындыра алады. Біздің кейіпкеріміз Талғат Досжанұлы да ес білгелі бір уақыт бос жүріп, қол қусырып отырған адам емес.

Үнемі қимыл үстінде, қашан да жұмыс бабында. Хабарласқанымызда да «қала сыртында үзілген электр желілерін жалғап жатырмын» деп, асыға жауап қатты.Ол ауылдың шаңын жұтып, көк шалғын даласында өскен қазақтыңқарапайым қара баласы. Ата-әжесінің қамқорлығы мен мейіріміне қанып өссе де, еңбекке ерте араласты. Оған себеп, атасының  көз жанарының нашар көріп, қашанда қасына қолғабыс керек еткені. Сол себепті ата-әжесінің бауырында жүрсе де, ауылдың балалары атқаратын барлық қара жұмысты бір өзі істей берді.Ауылдағы 11 сыныпты ойдағыдай аяқтап, Көкшетаудағы «Арна» колледжінің заң факультетін де бір адамдай жақсы аяқтады. Бірақ, қағазбастылыққа жаны қас бауырымыз кеңсе жұмысына зауқы соқпады.

Атасы қайтыс болған соң, жауапкершілігі одан әрі арта түсті. Жанашыр ағаларының бірі құрылысқа шақырып, еңбек жолын осындай ауыр жұмыстан бастады. Жол құрылысында 3-4 жыл еңбек етіп, маңдай терін төкті. Бурабай ауданына қарасты басты жолдардың бүгінгідей айнадай болып, жатқанына біраз еңбек сіңірді. Содан тиісті нәпақасын тауып, қалаған темір тұлпарына мінді, үйлі-баранды болды, ауылдағы қарт әжесін қалаға әкеліп, қолын жылы суға малды.

–Еңбектен қорықпауымыз керек. Әсіресе, қара жұмыстан. Мен өзім жол құрылысшысы да, шахтада аспаз да болып көрдім. Қазір электр энергиясы саласында жұмыс істеймін. Отбасымды асырап, бала-шағамның қалағанын алдына қойып, білім алып беру үшін еңбек етуден тайынбаймын. Ата-әжем үнемі: «Жұмыстың жаманы жоқ. Еңбекпен тапқан наның тәтті болады, ең бастысы, еңбегің адал болсын, ешкімнің ала жібін аттама» деп өсиет етіп отыратын. Содан әр ісімді ойланып, адал істеуге тырысып жүрмін. Еңбекке қашан да адал болу парыз. Жұмысым таза болса, өзімнің де абырой-беделім, –дейді Талғат Қазиев. –Адал болсам, Тәңірім өзі жарылқайды. Жол құрылысында құрылысшы болып істегенімде жаздың аптап ыстығында да, күздің қара суығында да жолға тас төсеп, асфальт құйдық, бедер тас төсеп, жолжиек орнаттық. Таңмен таласа құрылыс басына барып, күн ұясына батқанға дейін жүретінмін. Бірақ, адал еңбек етсең, ырыздық-береке мол болатынына көзім жетті. Істеген ісіңді сүйіспеншілікпен атқару керек екен. Қолымнан келгенше еңбектеніп жүріп, ел қатарлы баспанамды алдым, қалаған көлігімді міндім. Отбасым қасымда.

Ол қазір «Көкшетау энерго» серіктестігінде электро-монтер болып қызмет етіп жүр. Ақмола облысы мен бұрынғы Көкшетау облысының аумағына кіретін елдімекендердің арасын жалғайтын электр сымдарының жағдайын қадағалап, апатты күйдегілері анықталғанда тәуліктеп, апталап жұмыс тобымен сол ақаулықтарды қалпына келтіруге, жаңартуға аттанады. Жора-жолдастарына сыйлы, туған-туысқа қадірлі, еңбек етіп жүрген ортасында абыройлы Талғаттың бүгінде екі гүлі жайқалып өсіп келеді. Аяулы жары Нұргүл де өмірлік серігіне тілекші. Жасы сексеннің бесеуінен асқан қарт әжесі де немересінің тілеуін тілеп, шөберелерінен медет көруде.

Ырысалды ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

 Көкшетау қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар