Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the blog2social domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114

Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wordpress-seo domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Музейлер – кешегі мен бүгінгінің дәнекері - АРҚА АЖАРЫ

Музейлер – кешегі мен бүгінгінің дәнекері

Ақмола облыстық мәдениет басқармасына қарасты Мәлік Ғабдуллин музейінің ұйымдастыруымен «Музейдің мәдени-білім беру жұмысы: дәстүр мен жаңашылдық» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.

«Достар» мәдениет сарайында өткен конференция Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Айгүл Сәбитованың құттықтау сөзімен ашылды.

–Музей ісінде мәдени-білім берудің маңызы зор. Музейдің мәдени-білім беру қызметі арқылы келушілерге халқымыздың мұрасын насихаттауға мүмкіндік аламыз. Осыдан-ақ, конференцияның маңызын байқауға болады, – деді өз сөзінде Айгүл Баубекқызы.

Әрі қарай конференция модераторы, музейтанушы Нұрсерік Жолбарыс мектеп пен музей арасындағы интеграцияның маңызына және мектеп музейлерін әдістемелік қолдау қажеттігіне тоқталды. Атап айтқанда, ол Ақмола облысындағы мектеп музейлерін республикалық музейлерде өтетін семинарларға қатысуға шақырды. Өйткені, еліміздің кейбір ірі музейлері де болып жұмыстарынмектеп музейібастаған. Нұрсерік Жолбарыс музейдің мәдени-білім беру жұмысының тәжірибеге ену тарихы туралы айтып, АҚШ, Германия сияқты елдердің үздік жұмыстарын қызмет барысында қарастыру туралы да ұсынысын жеткізді. Және де іс-шараға Алматы, Астана, Қарағанды және өңірлік музей ісінің мамандары арнайы шақырылып, баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Алғаш болып сөз алған «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының ғылыми-зерттеу бөлімінің басшысы Сакен Шаметов музей қызметіндегі коммуникацияжайлы толғамды ойларын ортаға салды.

– Музей адамның өмір бойы білім алу орны дейтін болсақ, оған қоғамның барлық мүшелері, жастар, егде адамдар, қарттарда келеді. Осыдан ширек ғасыр бұрынғы музей жұмысымен қазіргі заманғы музей жұмысын салыстыруға келмейді. Басты ерекшелік  – ақпарат ағымының күштілігі. Мұндай ақпаратты жоғарыда аталған халықтың үш буыны да пайдаланып отыр. Сондықтан, музей осы үш буынның да рухани қажеттілігін өтейтіндей дәрежеде жұмыс істеуге ықтияр. Қазір мемлекеттік саясаттың басым міндеттерінің бірі мәдениет саласына коммуникациялар технологиясын енгізу болып отыр. Бұл – мәдениет мекемелерінің, соның ішінде мәдени мұраны сақтауға, зерттеуге және насихаттауға жауапты мекемелердің дамуына оң ықпал ету. Бүгінгі қоғамда орын алып отырған әлеуметтік және мәдени құбылыстар қарым-қатынас туралы мәселеге көңіл аударуға итермелейді. Бұл заман талабы, – деген пікірімен Сәкен Таласбекұлыәлеуметтану, психология ғылымдарымен байланыста жұмыс істеу арқылы музей коммуникациясын қалыптастыруға болатынын алға тартты. Келтірілген факт музейде енді психолог, әлеуметтанушы мамандардың да қажет болатынын дәлелдейді.

Ал, тұңғыш Президенттің Теміртаудағы тарихи-мәдени орталығының ғылыми қызметкері Ләззат Диханбаева «Білім мен мәдениет – ұлт тәрбиесінің қайнар көзі» атты баяндамасында музей мәдениеті арқылы ұлтымыздың құндылықтарын, салт-дәстүрін көрсетіп, еліміздегі өзге ұлт өкілдері және шетелдік туристердің де қызығушылығын тудыруға болады.

–Біз өзіміздің орталыққа келуші адамдардың ойында керемет сезім қалдыру үшін бір ғана мәдениетпен ғана емес, оларды тарту үшін қимыл, іс-әрекет жасауымыз керек. Сол себепті біз орталықта арнайы жобаларды жүзеге асырамыз. Олар өз нәтижелерін беруде, – деді ол. Сондай-ақ, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті «Білім тарихы» музейінің меңгерушісі Сымбат Ахметоваөз баяндамасындане себепті еліміздегі алдыңғы қатарлы оқу орнына Гумилевтің, яғни, орыс ұлтының есімі берілгеніне жауап бере отырып, тарих беттерінен деректер келтіріп өтті.

– Біріншіден, Лев Гумилев біздің көне Түркі тарихымызды жазған үлкен ғалым. Сол үшін өмірінің 14 жылын абақтыда өткізген. Және де ғұндардың, түріктердің еңбектері түрмеде жазылған. Сол кезеңде оған, тарих ғылымдарының кандидаты болып тұрса да, психиатриялық аурухананың кітапханашысы, Эрмитаждың аула сыпырушысы сияқты қызметтерді ғана істеуге рұқсат берген. Жалпы, Гумилевтің тағдыры қиындықтарға толы болған. Сауалға жауап бер үшін оның орыс емес, Алтын орданың орыстанып кеткен түркі халықтарының ұрпағы екенін айтып өткен жөн, – деп тоқталды Сымбат Ахметова. – Бұлардың негізгі тегі Мүліковтардан кейін Фанов болады. Бесінші атасы Гумилев деген орыстың қызына үйленген. Ол қызымен қоса, бар дүниесін беріп, тек өзінің тегін алуды сұрайды. Ал, оның анасы Анна Ахматова өзін, «Мен Ахмат ханның шөбересінің ұрпағымын-мыс», – деп Ахматова тегін алған. Алайда, Ресей деректерінде қарама-қайшылық өте көп кездеседі. Өйткені,қоғамның аяқ алысымен бейімделе жазылған тарих Гумилевтар отбасын айналып өтпеген. Сондай-ақ, Левтің әкесі Николай пассионарлық теорияның негізін қалап, оған жол көрсетіп кеткен адам. Николай Гумилев өзінің түркі екенін мойындап, еңбектерінде де айтып кеткен. Оның көзін көрген адамдар атқа мінуге қолайлы, тектік суреттемесі де далалық адамның келбетіне келетінін айғақтайды, – деп сөзін толықтыра түсті. Бүгінде Лев Гумилевтің атымен аталған университет музейіне оның өмірімен және шығармашылығымен танысу үшін көптеген қонақтар келумен қатар, студенттердің де қызығушылығы жоғары.

Сонымен бірге, С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің тарихи музей басшысы, медицина ғылымдарының кандидаты Бақанай Амантаев медицина университетінің студенттеріне тарихи-мәдени тәрбие берудегі музейдің рөліхақында сөз қозғап, «Ректорымыздың мынандай ұсынысы бар. Университетке түскен студенттердің бәрі ең бірінші, музей табалдырығын аттап, аралап, сонымен танысуы керек. Өйткені, студент алдымен қай оқу орнына, қандай ортаға келгенін ұғуы қажет. Мысалы, биыл оқуға 3 мыңға жуық студент түсті. Солардың бәрін біз деканаттармен кесте жасап, мамандығы бойынша кураторларымен бірге музейде қарсы аламыз»деді баяндама барысында. Оның айтуынша, музейде қазақ медицинасын қалыптастырған ұлы тұлғалар, еліміздегі дәрілік шөптер, оқу орнынан шыққан білікті дәрігерлер жайлы толыққанды ақпарат қамтылған.

Өз кезегінде біздің өңірлік музей қызметкерлері де тақырыптық баяндамалар оқып, істеген жұмыстарын көпшілік назарына ұсынды. Бұл ретте, Атбасар қаласындағы ұлы жазушы Ілияс Есенберлиннің атындағы әдеби музеймеңгерушісі Ұлболсын Қамбатырова «Музейлердің мәдени-білім беру жұмысының миссиясы» туралы айта келіп, көрнекті суреткердің роман желісі арқылы мектеп оқушылары қойған «Тәуке ханның жеті жарғысы» қойылымын ұсынды. Сәкен Жүнісов атындағы №18 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Арайлым Мұқышева, «Сері өмірінен сыр шерткен жәдігер»атты тақырыппен жуырда мектеп қабырғасында ашылған жазушының музейі туралы баяндап берді. Бүгінгі таңда мұражай жазушының өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін 500-ден аса құнды жәдігермен толыққан. Осы сәтте модератор Нұрсерік Жолбарыс бұл мектеп музейі үшін үлкен көрсеткіш екеніне тоқталып, аталған музейге назар аудару керектігін тілге тиек етті.

Конференцияның соңғы баяндамасын осы шараны ұйымдастырғанМәлік Ғабдуллин музейінің аға ғылыми  қызметкері Аягөз Махметова жасап, Мәлік Ғабдуллин музейінің көпшілік іс-шаралар өткізудегі тәжірибесін ортаға салды.

–Бүгінде музей қызметкерлерінің еңбегі облыспен ғана шектеліп жатқан жоқ. Ел көлемінде насихатталып отырған жайы бар.  Соның бір айқын дәлелі, республикалық «Жас Ғабдуллиншілер» клубы. Республика бойынша Мәлік Ғабдуллиннің есімімен аталатын 9 мектеп бар. Көкшетау қаласы мен туған жері Зеренді ауданындағы мектептерге қоса, Алматы облысында екі, Жамбыл облысында үш мектепке, Түркістан облысы мен Ақтөбе қаласында бір-бір мектепке батыраты берілген. Яғни, бұл Мәлік Ғабдуллиннің есімінің өшпегендігінің белгісі болса, осынау білім ордаларын осы музейдің тоғыз қанаты депте айтуға болады. Әр өңірде клубқа жаңа мүшелерді қабылдау рәсіміне аудан әкімдіктерінен бастап, білім бөлімі, мектеп директорлары да үлкен жауапкершілікпен қарап, жоғары деңгейде ат салысып отырады, –  дей келе,Аягөз Мұратқызымузей тарапынан іске асырылып жатқан осы сияқты өзгеде жобаларға тоқталды.

Жиынның соңғы бөлігінде облыстық тарихи-өлкетану мұражайының директоры, ақын Құдайберлі Мырзабектің авторлығымен жарық көрген «Қансонар» деректі фильмі көрсетілді. Фильмде музей заттарын пайдалана отырып, қазақ халқының саятшылық дәстүрін көрсеткен. Жиынды қорытындылаған қатысушылар музейдегі мәдени-білім беру жұмысы туралы талқы ұйымдастырып, бұл бағыттағы жұмыстарды дамытуға арналған ұсыныстарын ортаға салды. Айта кетейік, конференцияда оқылған баяндамалар жеке жинақ болып шықпақшы.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар