Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ауылдағы полиглот мұғалім - АРҚА АЖАРЫ

Ауылдағы полиглот мұғалім

Биылғы оқу жылында облыс мектептеріне жаңадан 1300 педагог келіп, жас ұрпаққа тәлім-тәрбие мен білім беруге кірісті. Өңір мұғалімдерінің қатарына қосылғандардың 638-і жас мамандар. Олардың ішінде Елдос Төлеуханов есімді полиглот мұғалім де бар.

Астана халықаралық университетін үздік бітірген Елдос Төлеуханов Қостомар ауылының жалпы орта білім беретін мектебіне информатика пәнінің мұғалімі болып жұмысқа орналасты. Өз міндетіне кіріскеніне аз ғана уақыт болса да, жас маман ұжыммен, оқушылармен тез тіл табысып, қазіргі заман талабына сай негізгі ІТ мамандықтардың қатарына кіретін пәнді өскелең ұрпаққа белсене оқытып жатыр.

Елдос Саматұлының айтуынша, ол ІТ бағытына«Білім-инновация» лицейінде оқып жүргеннен-ақ қызыққан. Кейін мектеп бітірген соң, АIU университетіне түсіп, осы мамандықты меңгеруге бел буған, әрі оны келешек ұрпақтың бойына дарыту үшін педагогика саласын таңдаған.

Информатика пәнімен қатар, Елдос бірнеше тілді жақсы меңгерген. Ол қазақ, орыс, ағылшын, түрік тілдерінде еркін сөйлейді және оны қажет болғанда жұмыс барысында да қолданады. «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» деген сөзді құлағына құйып өскен ұстаз оқушыларының ең алдымен,өз ана тілін толық білуі керектігін есте ұстауда. Соған орай, басқа әлем тілдері қосымша қызығушылық ретінде қарастырылуын жөн санайды. Информатика пәні бойынша көптеген термин сөздердің мағынасын ашып, оқушылардың сол сөздерді толық түсінуіне мүмкіндік жасайтыны тағы бар.

Саяхаттауға жаны құмар Елдос Саматұлы осы тілдерді меңгеру арқылы біраз шет елдерге саяхаттап, ондағы халықтың тілін, мәдениеті  мен тұрмыс-тіршілігін тануға мүмкіндік алғанын айтады. Қазіргі уақытта ол мектептегі жұмысынан тыс кезде басқа да шет тілдерін, атап айтқанда, қытай, француз, испан-португал тілдерін үйреніп жүрген көрінеді.

Ы.ШАМШИЕВА.

Аршалы ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар