«Бірлік»  депутаттық тобы құрылды

Ақмола облыстық мәслихатында «Бірлік» депутаттық тобы құрылды.

Оның құрамына Ғалымхан Саханов, Анар Аяпбергенова, Клара Меңдібаева, Саят Сыздықов кірді.  Топ жетекшісі болып депутат Умар Шоназаров, орынбасары болып Ғ.Саханов сайланды.

Топтың негізгі мақсатыҚазақстан халқы Ассамблеясын дамыту тұжырымдамасын іске асыруға, қазақстандық патриотизм, азаматтық теңдік қағидаттары негізінде қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті нығайту жөніндегі саясатты әзірлеуге қатысу болып табылады.

Топ жетекшісінің атап көрсеткеніндей, «Бірлік» депутаттық тобының мүшелері этносаралық қатынастарды үйлестіру және өзекті міндеттерді шешу жөніндегі бастамаларды талқылау және іске асыру үшін этномәдени бірлестіктердің басшыларымен кездесіп отырады. Кездесулер барысында Парламент, мәслихаттар депутаттарының жұмысында және олардың өзара іс-қимылында көрініс табатын халықтың өзекті мәселелері айқындалатын болады.

Бұған дейін республикалық деңгейде Қазақстан Республикасы Парламентідепутаттарының «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» атты жобасы ұсынылған болатын. Бұл жобаның да мақсаты – Парламент депутаттарының, барлық деңгейдегі мәслихаттардың, мемлекеттік органдардың және Қазақстан халқы Ассамблеясының өзара тұрақты іс-қимылына қол жеткізу.

–Біздің жұмысымыздың басты бағыты әрқашан этноәлеуметтік шиеленістің ықтимал ошақтарын анықтау және олардың алдын алу бойынша бірлескен қызметке келіп үйлесуі тиіс. «Ассамблея. Парламент. Мәслихаттар» қоғамдық жобасының ауқымындағы сындарлы диалог заңмен бекітіле отырып, қоғамдық, конфессияаралық және этносаралық келісімді сақтаудың негізгі құралдарының біріне айналады, сондай-ақ, пісіп-жетілген әлеуметтік өзгерістерді уақытылы және қолайлы шешуге, лайықты өмір сүру жағдайларын жасауға ықпал етеді деген сенімдеміз, –  деп атап өттіәрі қарай депутат У.Шоназаров.

Олай болса, ұлтаралық келісім мәселесінде «Бірлік» депутаттық тобының жұмысынан қайтарым болады деген ойдамыз.

Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар