Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Суретшінің сырлы әлемі - АРҚА АЖАРЫ

Суретшінің сырлы әлемі

Суретші – өнер шедеврлерінің қажымас жасаушысы. Ол айналасындағылар үшін эстетикалық құндылығы бар өнер туындыларын жасайтын адам. Ол өз идеяларын, эмоцияларын және көзқарастарын түпнұсқа жұмыстарда жүзеге асыратын шығармашылық тұлға.

Суретші әрі мамандық, әрі өнер. Таңдалған өнер саласында жетістікке жету үшін адам тәжірибелі тәлімгерлерден шеберлікті үйреніп қана қоймай, шындықты ерекше қабылдауы керек.  Нағыз суретші шынайы әлемнен шабыт алады және керемет туындыларды өмірге әкеледі.

«Көкшенің көркемсурет палитрасы» жобасы аясында орталық қалалық үлгілі кітапханада №13 мектеп-гимназия оқушыларының суретші Виктор Сергеевич Кубринмен кездесуі өтті. Біздің іс-шарамыздың мақсаты –балаларды әдемілікке, көркемдік талғамға баулып, Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыру, шығармашылық әлеуетті жандандыру, жалпы адамзаттық құндылықтар арқылы оқушылардың көркем шығармашылықты зерттеуге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру. Сонымен бірге, оқушылардың суретшілердің шығармашылық өмірбаянына танымдық қызығушылығын ояту, Көкшетау қаласының шығармашылық адамдарымен танысу.

20 жылдан астам шығармашылық қызметінде суретші Виктор Кубрин көптеген картиналар жазды. Қазір олар әлемнің көптеген елдерінің мұражайлары мен сурет галереяларында сақтаулы. Кездесу барысында суретшінің өмірбаянымен, шығармашылық жұмыстарымен танысып, жобалары туралы білдік. Оқушылар шеберлік сабағына қатысып, суретшінің жеке қолтаңбасы бар «Гүлдер» атты картинасын салды және бұл сурет кітапханаға сыйға тартылды. Балалар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауаптар алды. Виктор Сергеевич іс-шараға кіші қызы Елизаветпен бірге қатысты.

Жақсысуреттің құпиясы қарапайым, оны қуана салу керек, сонда бәрі ойдағыдай болады, – деп ой бөлісті Виктор Сергеевич. Өз жұмысында ол туған қаланың пейзаждарын, табиғаттың сұлулығын, түрлі әдемі көріністерді бейнелейді. Виктор Кубриннің шығармаларындағы үш өлшемді әсер экспрессивтілікті күшейтеді және олар мозаикалық мүсіндерге ұқсайды. Негізгі тақырыпта биғатпен қарым-қатынас, қалада серуендеу, ал, суреттер тыныштық пен айналаның үйлесімділігін қамтиды.

Жанаргүл АБДРАХМАНОВА,
Көкшетау орталықтандырылған  қалалық  кітапханасының кітапханашысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар