Ұйымдастырушылардың айтуынша, іс-шара жастардың зияткерлік қабілеттерін ашуға, оқушыларды білімге, тапқырлыққа, шешендік өнерге баулуға, патриотизм мен саяси сауаттылыққа тәрбиелеуге бағытталған. Пікірсайыс Халықаралық мектеп пікірсайысы (WSDF) форматында өтті. Пікірсайыстың әр кезеңінде екі команда ұсынылған даулы мәселені растап және жоққа шығарып, қорытынды сөз сөйлеумен аяқтады. Қазылар алқасының мүшелері қатысушылардың жақсы дайындығы мен сауатты құрылған дәлелдерін атап өтті. Көкшетау қаласының NIS оқушылары басқа командалардан озып, жүлделі орындарға ие болды.
«Алаш» командасы қарсыластарын сенімді жеңіп, бірінші орынды иеленді. Оның құрамына Аяулым Сармолдина, Дана Болат және Іңкәр Сабыралы кірді. Екінші орында Абылайхан Самат, Нұрым Ғилман және Мәңгілік Бақытхан өнер көрсеткен«Үштік» командасы. Балаларды жарысқа қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ұлан Зейнелқабден дайындады.
Жеңімпаздар Астана қаласында өтетін мектеп оқушылары арасындағы алғашқы ұлттық пікірсайыс турниріне қатысады.
Көкшетау қаласындағы NIS баспасөз қызметінің
ақпараты бойынша дайындалды.