Дүниежүзілік би фестиваліне қатысып келді

Бұл өнер фестивалі Оңтүстік Кореядағы жыл сайынғы ауқымды мерекелердің бірі болып табылады.

«Чхонан» өнер және мәдениет қорының мәліметі бойынша, бұл фестивальға әлемнің 29 елінен екі мыңға жуық биші қатысып, түрлі би дәстүрлері мен стильдерін паш етеді. Аталмыш өнер додасына биылғы жылы біздің Ақмола өңірінің абыройын аспандатып, Үкілі Ыбырай атындағы облыстық филармония ұжымының өкілдері қатысты.

Атап айтар болсақ, «Айнакөл» фольклорлық ансамблі мен «Гәкку» би ансамблі осы дүниежүзілік фестивальде өнер көрсетіп, халық кошеметіне бөленді. Ашылу салтанатының өзі сұлулық тұнған сән-сипатымен көзді баурап, әлемнің әр түкпірінен келген әйгілі өнер өкілдері өз өнерлерін ортаға салды. Фестиваль аясында көптеген шетелдік және жергілікті би топтарының қатысуымен қала көшелерінде би шеруі өтті.

Бұл іс-шара мәдени өзара түсіністікті жақсарту және әлемдік би қауымдастығында қарым-қатынас орнату мақсатында ұйымдастырылып отыр.  Әлемнің кіл мықтысы жиналған өнер додасында қазақтың әуезді әуені мен мың бұралған биі де шарықтап, дүниежүзі халықтарын тәнті етті.

Ұлмекен ТЫНЫШТЫҚҚЫЗЫ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар