Зеренді ауылындағы «Сұңқар» балаларды сауықтыру орталығы базасында Ақмола облысы мәслихаттарының қызметін үйлестіру жөніндегі кеңестің көшпелі отырысы өтті. Оған аудандық және қалалық мәслихаттардың төрағалары мен аппарат басшылары қатысты.
Пленарлық отырысты облыстық мәслихаттың әлеуметтік сұрақтар жөніндегі тұрақты комиссиясының төрағасы Саят Сыздықов ашты. Зеренді ауданының әкімі Әсен Жақсылықов құттықтау сөз сөйледі.
Қатысушылар депутаттық қызметтегі дағдарысқа қарсы коммуникацияларды, халық қалаулыларының жұртшылықпен өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады, сегізінші шақырылымдағы мәслихаттар жұмысының аралық қорытындыларын шығарып, сайлау комиссияларымен және саяси партиялармен жұмыс әдістерін қарады.
Көкшетау қалалық мәслихатының төрағасы Дастан Әкімов, Зеренді аудандық мәслихатының төрайымы Райхан Ғабдуллина, Атбасар аудандық мәслихатының төрағасы Нұржан Рахимовжұмыс тәжірибесімен бөлісті. Сондай-ақ, Атбасар және Қорғалжын аудандық мәслихаттарының аппарат басшылары Бауыржан Қожақов пен Қарашаш Түсіпова сөз сөйледі.
Отырыс әлеуметтік желілерде депутаттардың имиджін ілгерілетуге және мәслихаттар аппараттарының жұмыс мәселелерін көтеруге арналған секциялықотырыстармен жалғасты.
Шақырылған спикерлер ретінде депутаттар алдында облыстық ішкі саясат басқармасы басшысының орынбасары Гүлмира Кәрімова, «Әрекет» баспасының бас редакторы, «Bezgranic» SMM-агенттігінің басшысы, Көкшетау іскер әйелдер қауымдастығының мүшесі Дана Ибраева сөзсөйледі.
Ақмола облыстық мәслихатының баспасөз қызметі.