Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Аудан әкімдігі бұра тартқан - АРҚА АЖАРЫ

Аудан әкімдігі бұра тартқан

Ақмола облыстық сотының әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы жер теліміне құқықты қайта ресімдеу жөніндегі аудан әкімдігінің қаулысын заңсыз деп тану және оның күшін жою туралы Т.-ның талабын қарады.  

Алқаның қаулысымен талап қанағаттандырылып, әкімдіктің қаулысы заңсыз деп танылып, күші жойылды. Істі қарау барысында алқа іс бойынша елеулі маңызы бар мән-жайларды анықтау үшін даулы жер теліміне қатысты іс материалдарында жоқ мәліметтерді талап ете отырып, аудан әкіміне соттың сұрау салуын жолдады. Әкім сот сұрауын уақытылы алған, бірақ, сот белгілеген мерзімде оны орындамаған және орындау мерзімін ұзарту жөнінде алқаға жүгінбеген. Соттың сұрау салуын орындамағаны жауапкердің іс жүргізу құқығын теріс пайдаланғанын айғақтайды. Осыған байланысты облыстық сот алқасының ұйғарымымен аудан әкіміне 20 АЕК (73 840 теңге) мөлшерінде ақшалай өндіріп алу шарасы қолданылды. Сот актісі заңды күшіне енді.

Ақмола облыстық сотының баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар