Теңге – тәуелсіздік тірегі, қаржылық дербестік негізі

15 қараша – Ұлттық валюта – Теңге күні

Теңгенің тарихы Қазақстан Президентінің 1993 жылғы 12 қарашадағы ұлттық валютаны енгізу туралы жарлығынан басталады, оған сәйкес 1993 жылы 15 қарашада теңге еліміздегі ресми төлем құралы болды.

Өз валютасын енгізу қажеттілігі Кеңес Одағы ыдырағаннан кейін қалыптасқан күрделі экономикалық жағдайға байланысты болды. Осы кезде ТМД елдерінде гиперинфляция, өндірістің құлдырауы және өмір сүру деңгейінің төмендеуі байқалды. Теңге Қазақстанның экономикалық мүддесін қорғаудың маңызды құралына айналды.

Ұлттық валютаның игерілуі аз ғана уақыт ішінде – небәрі бір жылдың ішінде жүзеге асты. Алғашқы ақшаны Ұлыбританияда «Harrison & Sons басып» шығарды, ал, 1995 жылдан бастап Қазақстан банкнот фабрикасында қазақстандық банкноттар мен монеталардың өндірісі жолға қойылды.

Кеңестік рубльді теңгеге айырбастау өте қысқа мерзімде – 1993 жылдың 15-20 қарашасы аралығында жүзеге асты және қиын экономикалық жағдайға қарамастан бұл процесс бір қалыпты өтті.

Осы қиын кезеңде Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік банкі мен екінші деңгейлі банктердің қызметкерлері жұмыс орындарынан қол үзбей, қысқа тынығумен тәулік бойы жұмыс істеді. Өңірімізде ұлттық валютаны енгізудің негізгі ауыртпалығын Қазақстан Республикасы Ұлттық мемлекеттік банкінің Көкшетау облыстық басқармасының қызметкерлері өз мойнына алды.

Теңгенің енгізілуі Қазақстанға экономикалық тәуелсіздікке қол жеткізіп, дербес ақша-несие және фискалдық саясатты жүргізе бастауға мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде елде құрылымдық реформалар мен нарықтық экономикаға көшу жеделдетіп, банк жүйесін құрды. Бұл экономиканың өсуіне және азаматтардың әл-ауқатының жақсаруына ықпал етті.

Қазақстан Ұлттық Банкінің Банкнот фабрикасы мен теңге сарайы шығаратын өнімдердің сапасын атап өткен жөн. Жетілдірілген технологиялар оны тек дизайн саласында ғана емес, сонымен қатар, қауіпсіздіктің жоғары дәрежесі бойынша сарапшылардың халықаралық мойындауын қамтамасыз етеді: теңге 18 қауіпсіздік дәрежесіне ие және әлемдегі ең қауіпсіз валюталардың бірі болып табылады. Қазақстанның банкноттары мен монеталары жылдан жылға беделді байқаулар мен көрмелерге қатысып, жеңімпаз болып келеді.

Бүгінде теңге жай ғана валюта емес, Қазақстанның экономикалық егемендігі мен қаржылық тұрақтылығының символы болып табылады.

Ұлттық валюта күні Қазақстан Республикасының қаржы жүйесі қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтетінін ұмытпауымыз керек. Бұл күні барлық әріптестеріме зор денсаулық, қаржылық амандық, жемісті еңбек және кәсіби табыс тілеймін.

Айнагүл ЖОЛДЫБАЛИНА,
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі
Ақмола филиалының директоры.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар