«Біртұтас тәрбие бағдарламасы» –ұлттық, адами құндылықтарға негізделген. Бұл құжатта білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысын толыққанды жүзеге асыру үшін білім алушылардың бойында қалыптастырылуы тиіс құндылықтар мен тәрбиенің мақсаты, міндеттері айқындалады. Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген, әлемдік озық білімді игерген саналы азаматты тәрбиелеу мақсаты көзделеді.
«Біртұтас тәрбие бағдарламасының» мақсаты: Жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды бойына сіңірген еңбекқор, адал, саналы, жасампаз азаматты тәрбиелеу.
Міндеттері: Ата-ананың өсиетін тыңдауға, отбасы татулығы мен берекесін қадірлеуге, перзенттік парызын өтеуге тәрбиелеу.
Биылғы оқу жылында мектебімізде біртұтас тәрбие жоспары аясында тәрбие үштағанының идеологемалары жүзеге асырылуға жұмыстар жүргізілуде, атап айтсақ
-ұлттық бірегейлік
-қоғамға қызмет
-экологиялық мәдениет
-құқықтық мәдениет және медиа сауаттылық
-буллингсіз әлем
-тәрбие парадиамасын жаңарту
Әр айға түрлі тақырыпта іс-шаралар ұйымдасытырлады. Әр аптаға дәйексөздерімен ерекше құрастырылған біртұтас тәрбие бағдарламасының құрылымы да ерекше.
«Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізінде тәрбие жұмысының жүзеге асырылуы
Қамқор жобасы аясында “Қарттарға құрмет” ауылымыздың қарт әжесі Зейнеп әжені мерекемен құттықтады. Оқушылар өлең оқып, ашық хаттарын тарту етті.
6-сынып оқушылары мен жетекшісі Сатемір А.Қ
«Менің-Отаным Қазақстан”тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Халқымызда «Отан отбасынан басталады» деген қарапайым қағидат қай дәуірде болсын өзгерген емес, өзгермек те емес.
Отбасылық құндылықтар дегеніміз — отбасын құрған екі жастың мықты шаңырақ болу мен бала тәрбиелеуде қолданатын ежелден келе жатқан ұстанымдар.
Әрбір отбасының өз құндылықтары болады: өзара сыйластық, қолдау, адалдық, түсіністік, үлкенге-ізет, кішіге-құрмет, ауызбіршілік, сенім арту, махабатпен бөлісу.
Отбасы — жас ұрпақ тәрбиесінің қайнар көзі. Отбасында өмірдің мәнін оның мақсаты мен міндеттерін, құндылықтарын игереді, басқалармен қарым-қатынас жасау дағдыларын, өмірлік ұстанымдарын қалыптастырады, өзін-өзі ұстаудың нормалары мен мінез-құлқын реттеудің өлшемдерін меңгереді. Демек, отбасы — адам баласының алтын діңгегі, оның адамзат ұрпағына деген ықпалын өмірдегі басқа еш нәрсенің күшімен салыстыруға болмайды. Жас ұрпақты отбасылық құндылықтарымызды бағалауға, оларды сақтай отырып, келер ұрпаққа жеткізуге тәрбиелеу бүгінгі таңның өзекті мәселесі.Мектебімізде
«Отбасылық дәстүрлер» мерекелік марафонын өткізілді.
Мақсаты: Отбасылық құндылықтар мен әдет-ғұрыптардың оқушы бойына сіңіріп,кеңінен насихаттау
Ата-ана жиналысы “Отбасы~тәрбиенің алтын діңгегі”
Тарих пәні мұғалімі Калиев Мұқтар Әменұлы ұстаздарымызды президентіміз Қасым Жомарт Кемелұлының халыққа жолдауымен таныстырып,тың ақпараттарымен бөлісті.
Қыркүйек айында «Еңбекқорлық және кәсіби біліктілік айы» бойынша оқушыларымыз еңбек сөзінінң мәнін түсіне отырып, қарт аталар мен әжелерімізге күз уақытына жасалатын жұмыстарға көмектесе отырып баталарын алып, қарттарымыздың алғысына бөленді. Өзін-өзі басқару ұйымы оқушыларды “Табиғатқа қамқорлық жасаймыз”акциясы аясында мектеп оқушылары мектеп ауласын жапырақтардан тазарту жұмыстарымен айналысты.
8-сынып оқушылары жетекшісі: Келденбек Д.
“Еңбегі адал жас өрен” жобасы аясында «Мамандық күні» – 9-11 сынып оқушылары түрлі мамандық өкілдерімен кездесу өтті.
Аталмыш шараның мақсаты – оқушыларға өздерінің әлеуетті мүмкіндіктерін байқауға, белгілі бір мамандыққа қажет болатын дағдылар туралы білуге мүмкіндік беру.
Кездесуге мектебіміздің түлегі,қазіргі таңда ауылымыздың әкімі Әділхан Олжабайұлы және инженер Саят Байболатұлы сынды қонақтар келіп, мамандық таудауда қателеспеу керектігі жөнінде көптеген ақпараттар айтып, ақыл-кеңестерін берді.
ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН
АДАЛ АЗАМАТ
ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛ
«Тәуелсіздік және Отаншылдық»
«Бірлік және ынтымақ»
«Жасампаздық және жаңашылдық»
«Ұлттық ойын – ұлт қазынасы» Үзіліс кезінде білім алушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру мақсатында дене шынықтыру пәні мұғалімдері барлық сынып оқушыларымен (тоғызқұмалақ, асық ату, бес асық) ойынын ойнатады.
«Күй күмбірі» оқушылар үлкен үзіліс уақыттарында күй тыңдайды. Қоңырау күй арқылы соғылады.
«Үнемді тұтыну» бөлімі бойынша ата-ана мен бала арасында тығыз байналыс орнату мақсатында түрлі еркін тақырыптарда ұйымдастырылады. Мектебімізде өзін-өзі басқару ұйымдарының жұмыстары
Қауіпсіздік сабақтары тәрбие сағатының 10 минутына кіріктіре өткізіледі. Бала қауіпсіздігіне ықпалын тигізетін түрлі тақырыптарға тоқталады.
1,4-сыныптарының сынып жетекшілері “Буллингтен қорған” атты тәрбие сағатын өткізді. Онда буллинг тақырыбы ашылып, мән-мағынасы түсіндіріліп, одан қалай қорғану жайлы ақпараттар берді. Буллингтің онлайн немесе телефон арқылы жүзеге асырылуы мүмкін екені де айтылды. Олардың қатарына ренішті хабарламалар мен суреттер, зұлым мінеп-сынаулар жіберу жатады. Бұлардың барлығы кибербуллинг деп аталады. Осындай түсініктерді оқушыларға ұғындыру мақсатында тәрбие сағаттары өткізіледі.
“Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысының шеңберінде «Даналық мектебі» “Әжелер клубының мүшелері” Аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған Адал ұрпақ фестиваліне әжелеріміз қатысып келді.
Даналық мектебі бойынша ағалар клубының жетекшісі көне жәдігерлердің мән-мағынасы мен тарихын тереңірек түсіндіріп берді.
Ата-аналарды қолдау орталығы бойынша әр клубтың жұмысы жандандырылған.
“БІРТҰТАС ТӘРБИЕ” бағдарламасы
Сынып жетекшілердің әдістемелік бірлестіктің отырысы.
“Қағидамыз -әділдік, тірегіміз — жауапкершілік, мақсатымыз өрлеу” Қ.Тоқаев.
Күн тәртібінде
✔ Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы (тәрбие мәселесі)
✔️Сынып сағаттарының дұрыс ұйымдастырылуы
✔️Біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтарын оқушылар мен ата-аналарға дұрыс жеткізу жолдары
✔️Алдағы өтетін іс-шаралаға тоқталу.
✔️ЖЖЕ, ОҚН, қауіпсіздік ережелері, Әртүрлі мәселелер қарастырылды.
Тақырыбы: “Жол қозғалысы ережелері білімін тексеру”
Мақсаты:оқушыларды жол қозғалысымен таныстыра отырып, өміріне қауіп төндіруден сақтандыру
«Тәуелсіздік және Отаншылдық»
«Бірлік және ынтымақ»
«Жасампаздық және жаңашылдық»
4-сынып жетекшісі: Иманжүсүп Б.Т.
Тақырыбы: “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысының шеңберінде «Даналық мектебі» “Әжелер клубының мүшелері” Аудандық мәдениет үйі ұйымдастырған Адал ұрпақ фестиваліне әжелеріміз қатысып келді.
«Тәуелсіздік және Отаншылдық»
«Бірлік және ынтымақ»
«Жасампаздық және жаңашылдық»
ДТІЖО: Холганат Данекер
Республика күніне орай тәрбие сағаттары ұйымдастырылды.
Тақырыбы: “Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығы жұмысының шеңберінде «Даналық мектебі»
“Бір жәдігер-көрік және төс”
Ағалар клубының жетекшісі: Калиев М.Ә.
Дәнекер Холғанатқызы,
«Өндіріс ауылының ЖОББМ» КММ
директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.
Астрахан ауданы.