Биылғы жылы көрікті Бурабай баурайында инженерлік инфрақұрылымды жаңғырту жалғасуда. Аудан орталығы Щучинск қаласында және Бурабай, Зеленый бор, Оқжетпес кенттерінде жылумен жабдықтау бойынша 6 жоба іске асырылды.
Осы жылдың көктемінде Оқжетпес ауылында жаңа блоктық-модульдік қазандық пайдалануға берілді. Қазандықтың белгіленген қуаты сағатына 12,0 Гкал және ол 442 абонентті жылумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бурабай және Зеленый бор кенттеріқазандықтарынкей бөліктеріне жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қосалқы тартқыш, сорғы жабдықтары мен электр бөлігі жаңартылды.
Щучинск қаласының бес жылумен жабдықтау объектісінде құбыр жүйелеріне жөндеу және тазалау іске асырылып, қазандық агрегаттарына гидравликалық сынақтар жүргізілді. Осы ретте, 6 қазандықтың осы заманғы қазандықтарға ауыстырылғанын да айта кету керек.
Ремзавод және Горный шағын аудандарын жылумен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында екі сорғы станциясы салынды.
Қала бойынша жылу магистралін салу жөнінен үш жоба іске асырылды, соның арқасында ағымдағы жылы 20 жылдан астам уақыт бойы үй пештерімен жылытылған 18 көппәтерлі тұрғын үй орталық жылытуға қосылды.
– Барлық коммуналдық қызметтердің жұмысы тұрақты бақылауда, халықтың өмірін жақсартуға бағытталған іс-шаралардың нәтижесінде ауданның барлық осындай объектілеріне кезең-кезеңімен жаңғырту жұмыстары жүргізілуде, – деп атап көрсетті өз сөзінде аудан әкімі Арай Садықов.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Бурабай ауданы.