Ұландар ғалым ұлағатына бойлатты

12 сәуір – Қазақстанда Ғылым қызметкерлері күні ретінде кеңінен аталып өтіліп жүр. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ, себебі осы күні Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының тұңғыш президенті, көрнекті ғалым-геолог Қаныш Сәтбаевтың дүниеге келген күні.

Осы орайда, академик, ғалым Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай Златополье ауылының кітапханашысы 8 сынып оқушыларына «Ұлт мақтанышы Қаныш Сәтбаев» атты ақпараттық сағат өткізді. Іс-шара слайд көрсетілімімен сүйемелденді.

Сонымен қатар, осы ауданның Веденовка ауылының үлгілі кітапханасында «Қаныш Сәтбаев: Тұлға. Патриот. Ғалым.» атты еске алу сағаты өткізілді. Кітапханашы Қ.Сәтбаевтың өмірбаяны мен еңбегі туралы, оның геология саласын ғылым ретінде дамытуға қосқан үлесі туралы ақпарат берді.

Іс-шара соңында кітапханашылар кітап көрмесіне қойылған кітаптарға шолу жасады.

Салтанат БӘКІРОВА.

Бурабай ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар