Ақмола облысында 2024 жылғы 8 желтоқсанда 10 сайлау округтері бойынша:
1 — облыстық мәслихат, 1 — Көкшетау қаласында, 2 — Ақкөл, 2 — Аршалы, 1 — Егіндікөл,
1 — Жақсы, 1 — Жарқайың, 1 — Шортанды аудандары мәслихаттарының шығып қалған депутаттарының орнына сайлау тағайындалды.
Депутаттыққа кандидаттардың назарына!
Сайлау алдындағы үгiт — сайлаушылардың белгiлi бiр кандидатты, саяси партияны жақтап немесе қарсы дауыс беруге қатысуына түрткi болу мақсатындағы қызмет
(«Қазақстан Республикасының сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы).
Сайлау алдындағы үгіттің басталуы: 13 қараша 2024 жыл, сағат 18.00
Сайлау алдындағы үгіттің аяқталуы: 7 желтоқсан 2024 жыл, сағат 00.00
Сайлау алдындағы үгіт төрт негізгі тәсілмен жүзеге асырылады:
- БАҚ арқылы;
- сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу арқылы;
- баспа, дыбыс-бейне және өзге де үгiт материалдарын шығару және тарату жолы арқылы;
- онлайн-платформалар арқылы.
Конституциялық заңға сәйкес, сайлау алдындағы үгіт жүргізу кезінде мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарына қол жеткізудің тең жағдайларына кепілдік береді.
Келесі БАҚ-дағы материалдар сайлау алдындағы үгіт деп танылады.
- Кандидатты жақтап (немесе қарсы) дауыс беруге шақыру
- Қандай да бір кандидатқа қатысты артықшылық қолдау көрсету
- Кандидатты сайлаудың немесе сайламаудың ықтимал салдарларының сипаттамасы
- Қандай да бір кандидат туралы оң не теріс түсіндірмелермен ұштастыра отырып, анық басым мәліметтер қамтылатын материалдар шығару жөнінде қызмет танылады.
Сайлау алдындағы үгіт шарттары
Үгіт материалдарын жариялау үшін бұқаралық ақпарат құралдары, онлайн-платформаларды пайдаланушылар ұсынуға тиіс:
Эфир мен баспа алаңын беру мөлшері, шарттары мен тәртібі туралы мәліметтерді үгіт басталардан бес күн бұрын.
Сайлау алдындағы үгітті қаржыландыру
Кандидаттар сайлау алдындағы үгітті қаржыландыруды мемлекеттік қаржыландыру және мемлекеттік емес қаржыландыру (сайлау қорлары) арқылы жүзеге асырады.
- Мемлекеттік қаржыландыру
Мемлекет кандидаттарға бұқаралық ақпарат құралдарында өз бағдарламаларымен сөз сөйлеуіне қаражаттың тең бөлінуіне кепілдік береді: теледидарда (тікелей эфирде немесе жазбада) —
он бес минут; радиода — он минут; мерзімді баспа басылымдарында немесе
желілік басылымдарда 0,1 баспа табақтан аспайтын көлемде екі мақала жариялау.
Баспа табақ деп форматы 60х90 см, көлемі 5400 см қағаз бетті түсіну керек.
Көлемі 0,1 баспа табақ 540 см 2 көлемге тең болады, яғни форматы А-2 газет бетінің
1/4 құрайды.
- Мемлекеттік емес қаржыландыру
Парламент депутаттары мен мәслихат депутаттарын сайлауда кандидаттардың сайлау алдындағы үгіті сайлау қорларының қаражатынан қаржыландырылуы мүмкін.
Дәстүрлі БАҚ үгіт материалдарын бюджет қаражаты мен сайлау қорларының қаражаты есебінен жариялай алады.
Ал онлайн-платформаларды пайдаланушылар үгіт материалдарын кандидаттардың сайлау қорларының қаражаты есебінен ғана орналастырады.
Материалдарды жариялау шарттары
Бұқаралық ақпарат құралдары тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде эфир уақытын, баспасөз бетінен орын береді
Онлайн-платформаларды пайдаланушылар тіркелген кандидаттарға және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын жариялау үшін шарттық негізде ақпарат көлемін ұсынады.
Үгіт материалдарын жариялау үшін шарттың талаптары қандай да бір кандидатқа, саяси партияға артықшылық қолдау жасамауы тиіс.
Эфир уақытын, баспасөз бетінен орын беру үшін негіз болып табылады:
- кандидат куәлігі;
- кандидаттың немесе саяси партияның уәкілетті тұлғасының бұқаралық ақпарат құралы басшысының, онлайн-платформаларды пайдаланушының атына жазбаша өтініші;
- партиялық тізімді тіркеу туралы Орталық немесе тиісті аумақтық сайлау комиссиясының шешімінің көшірмесі.
Кандидаттардың, партиялық тізімді ұсынған саяси партияның біріне бұқаралық ақпарат құралы, онлайн-платформаны пайдаланушы шарттық негізде үгіт материалдарын орналастыруға берген келісім басқа кандидаттарға, партиялық тізімдерді ұсынған саяси партияларға үгіт материалдарын орналастыруға келісім беру болып табылады
Кандидаттардың және партиялық тізімдерді ұсынған саяси партиялардың бұқаралық ақпарат құралдарына, онлайн-платформаларға шығу кезектілігі жазбаша жолданымдардың келіп түсу ретімен не егер жолданымдар бір мезгілде келіп түссе, жеребе бойынша белгіленеді.
Сайлау алдындағы үгіт кезеңінде кандидаттардың сайлау алдындағы үгітіне байланысты мерзімді баспа басылымының таралымы барлық кандидаттар үшін тең болуға тиіс.
БАҚ редакциясы кандидаттардың эфир уақыты мен баспасөз бетінен орын беру және өзге де үгіт материалдарын беру кестесін белгілейді.
Кандидаттардың үгіт материалдарын шығару күні мен уақыты көрсетілетін кестенің көшірмесі кандидат өтініш берген күннен бастап үш күн ішінде Орталық сайлау комиссиясына жіберіледі.
Телерадио хабарларындағы жаңалықтарда, сараптамалық бағдарламаларда үгіт материалдарын таратуға тыйым салынады.
Сайлау алдындағы үгітті жүргізу тәртібі
Сайлау туралы Заңға сәйкес үгіт-насихат кезеңінде кандидаттарға төмендегілерді ұйымдастыруға және өткізуге рұқсат етіледі:
митингілер;
шерулер;
демонстрациялар;
өзге де сайлау алдындағы іс-шаралар.
Пикеттеу, жиналыс, митинг нысанында бейбіт жиналыстар өткізу туралы хабарламаны,
сондай-ақ демонстрация, шеру нысанында бейбіт жиналыстар өткізуге келісуді алу туралы өтінішті беру тәртібін «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы» ҚРЗ регламенттеледі.
Сайлау заңнамасына сәйкес сайлау комиссиялары ЖАО және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен бірлесіп, кандидаттардың сайлаушылармен бөлінген үй-жайда кездесу кестесін жасайды және оны бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды.
Сайлау алдындағы жария іс-шараларды өткізу кезінде сайлау науқаны үшiн арнайы әзiрленген баспа материалдарын, соның iшiнде безендiрiлген материалдарды, сондай-ақ омырауға тағатын белгiлердi, жалауларды, жалаушаларды тегiн таратуға жол берілетінін есте ұстаған жөн.
Сонымен қатар, тиісті сайлау комиссияларын ұйымдастыруға құқылы сайлау алдындағы пікірсайыстарды өткізу жария іс-шара болып табылады.
Үгіт материалдары
Сайлау туралы Заңға сәйкес барлық үгіт-насихат материалдарында келесі мәліметтер (таңбалау) болуы керек:
- материалдарды шығарған ұйым туралы;
- басып шығару орны;
- таралымы;
- тапсырыс берген тұлғалар;
- сондай-ақ қандай қаражаттан төленді.
Осы норманы бұзу ӘҚБтК-нің 113-бабына сәйкес 25 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерлерде үгіт баспа материалдарын дайындауға, анонимді үгіт материалдарды таратуға тыйым салынады.
Жергiлiктi атқарушы органдар тиiстi сайлау комиссияларымен бiрлесiп барлық кандидаттар үшiн үгіттiк баспа материалдарын орналастыру үшiн орын белгiлейдi және оларды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырады.
Кандидаттар үгiттiк баспа материалдарын тиiстi объект иесiнiң рұқсатымен өзге де орындарда iлiп қоюға құқылы.
Сайлау алдындағы үгіт жүргізуге тыйым салынады:
- мемлекеттік органдарға, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына және олардың қызметтік міндеттерін атқару кезінде лауазымды адамдарына;
- әскери қызметшілерге, ұлттық қауіпсіздік органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және соттарға;
- сайлау комиссияларының мүшелеріне;
- діни бірлестіктерге;
«Сайлау туралы» ҚР КЗ 27 бабы 4 тармағы, ӘҚБтК-нің 122 бабына сәйкес «Сайлау туралы» ҚР КЗ 27 бабының 4 тармағын бұзу жеке тұлғаларға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады
Тиісті түрде жүргізілмеген сайлау алдындағы үгіт
Тыйым салынған сайлау алдындағы үгіт – сайлаушыларға тауарларды, бағалы қағаздарды тегін немесе жеңілдік шарттармен беру, сондай — ақ лотереяларды, қайырымдылық акцияларын өткізу, ақша төлеу не оларды беруге уәде беру т.б. өткізу.
Сайлау алдындағы үгітті тиіссіз өткізуге болмайды!
Осы норманы бұзу ӘҚБтК-нің 122 бабының, 2 тармағына сәйкес 20 АЕК мөлшерінде АЕК айыппұл салуға әкеп соғады. Кандидаттар үшін-кандидатты тіркеу туралы шешімнің күшін жою («Сайлау туралы» ҚР КЗ 59 бабы 3 тармағы)
Сайлау жарияланған сәттен бастап кандидаттарға, олардың атынан немесе оларды қолдау үшін кез келген жеке және заңды тұлғаларға ойын-сауық және спорттық іс-шараларды ұйымдастыруды қоспағанда, қайырымдылық іс-шараларын өткізуге тыйым салынады.
«Сайлау туралы» ҚР КЗ 27-бабы 9 тармағы
Сайлау күні және оның қарсаныңдағы күні кез келген сайлау алдындағы угіт-насихатқа тыйым салынады:
- Сайлау комиссияларының үй-жайларынан және дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс бұрын ілінген баспа үгіт материалдары бұрынғы орындарда сақталуы мүмкін.
- Интернет желісінде бұрын орналастырылған үгіт материалдарын бұрынғы орындарында қалдыруға болады. Бұрын орналастырылған материалдарды интернет-ресурстардың басты беттеріне шығаруға жол берілмейді.
- Сайлау алдындағы үгіт мерзімдерін, тәртібі мен шарттарын бұзғаны үшін құқықтық жауапкершілік көзделген, ал кандидаттарға қатысты тіркеудің күші жойылғанға дейін қарастырылған.