Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Ырысы мол Жақсы! - АРҚА АЖАРЫ

Ырысы мол Жақсы!

Ел экономикасының басым бөлігін құрайтын, халқымыздың тұрмыс жағдайына тікелей әсер ететін негізгі экономика тетігі –ауыл шаруашылығы саласы екені белгілі.  Оның ішінде егін науқанын сәтті өткізіп, ел қамбасын алтын дәнмен толтыру ауыл еңбеккерлерінің табысын айқындауда.

Биылда көктемгі дала жұмыстарынан бастап жүргізілген белсенді, жұмыстың арқасында егін науқаны ойдағыдай аяқталды. Бұл ретте, облысымыз қамбаға рекордтық деңгейде астық құйып, саланың дамуына күш салумен болды.

Әрине, мұндай жоғары көрсеткішке жетуге аудандардың, шаруа қожалықтарының, барлық ақмолалық диқандардың еңбегі мен нәтижелі жұмыстары игі ықпал етті. Бұл өнімді еңбек иелері құрметке әдбен лайық деп білеміз. Осы ретте, ағымдағы жылғы орақ науқанында тұтастай облыс бойынша жоғары көрсеткіштердің біріне қол жеткізген Жақсы ауданы диқандарының ерен еңбегіне жеке тоқталып өтуді жөн көрдік. Биыл Жақсы ауданындағы тұтастай алғанда, егістік алқабының көлемі 503,8 мың гектарды құрады. Оның ішінде дәнді және бұршақ дақылдарының алқабы 477,4 мың гектар болды. Аудан бойынша жауапты науқанға 57 жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен 190 өзге де құрылымдар қатысты. Сондай-ақ, егін жинау жұмыстарын сапалы өткізу үшін 681 астық жинайтын комбайн жұмылдырылса, оның 163-і «Джон Дир», «Кэйси, Клаас» маркалы дала кемелері екендігін айтқан жөн. Егін жұмыстарының қорытындысы бойынша ауданда әр гектардан орташа есеппен 10,5 центнер өнім алынып, 478 мың тонна астық бастырылды.

Осынау бастырылған астық жалпы сыйымдылығы 384,6 мың тоннаны құрайтын 2 элеваторға қабылдады. Олар қуаттылығы 288 мың тонналық «Урожай» және сыйымдылығы 96,6 мың тонна «Qaz-qarLtd» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі. Астықты алғашқы тазалаудан өткізу және кептіру үшін жалпы өнімділігі сағатына 780 тонна болатын 32 механикалық қырман және 17 дән кептіргіш пайдаланылды. Аудан көлемінде ең мол өнім «Запорожье Агро», «Имран Агро», «Қаражон» қатарлы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінде жиналса, орақ науқанын бірінші болып «Жаңа жол» мен «Еркіндік Агро» серіктестіктері аяқтады. Сонымен бірге, биыл облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жалпы сомасы 1,7 миллиард теңгеден астам сомаға 72 негізгі және 32 қосалқы ауыл шаруашылығы техникасын сатып алды.

Айта кетерлігі, сала еңбеккерлеріауыл шаруашылығына ғана емес, ауданның әлеуметтік дамуына өз лайықты үлестерін қосуда. Осылайша, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында ағымдағы жылы «Запорожье-Агро» серіктестігінің қаражаты есебінен Запорожье кентінде дәрігерлік амбулаторияның құрылысы аяқталды. Оған қоса, «Арман» серіктестігінің бөлген қаражатына Калинин кентіндегі тағы бір сондай дәрігерлік амбулаторияның құрылысы бойынша жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда қасбеттік жұмыстар аяқталып, үй-жайлардың ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Оған қоса, «Агрофирма ТНК» кәсіпорнының қаржысына Беларусь Республикасынан «ЖақсыМед» клиникалық диагностикалық орталығына 206 миллион теңгеге медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Бұл орталық биыл ашылды. Орталықта функционалды диагностика (ЭКГ, Холтер), ғылыми-зерттеу кабинеті (АБМ, спирография), кардиолог кабинеті, велоэргометрия (ВЭМ-ЭКГ жаттығу сынағы), УДЗ (4D) кабинеттері, 5D сарапшы сыныбы бар. Орталықта тіс, ортодонт, ЛОР дәрігерлері және офтальмолог мамандары аудан халқына қызмет көрсетуде. Болашақ ұрпақ қамын ойлаған бірқатар ауылшаруашылығы тауар өндірушілері ауданның кейбір мектептеріндегі 5-11 сынып балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз етуде. Бұл жұмыстағы демеушілердіатап өтпек, «Жаңа жол», «Белағаш», «Труд», «Түгел-С», «Новокиенка», «Подгорное-1», «Қаражон», «Шұңқыркөл», «Түгел-Әубәкір және К», «Арман»  сияқты серіктестіктері алдымен ауызға оралады.

Сөз соңын түйіндесек, еліміз үшін экономикалық өсудің тетігі ретінде қарастырылатын ауыл шаруашылығының жетістіктері аудан, одан қалды, елді мекендердің өркендеуіне, тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға игі ықпал етері сөзсіз.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар