Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Жұмысшы мамандарды даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі - АРҚА АЖАРЫ

Жұмысшы мамандарды даярлау – бүгінгі күннің өзекті мәселесі

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында Үкіметке техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалау туралы тапсырма берді.

Бүгінгі таңда жоғары оқу орындары ғана емес, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелері де осы бағыттағы жұмыстарын қайта бір саралау үстінде. Бәріміз білетіндей, 2025 жыл «Жұмысшы мамандықтары жылы» деп жарияланып, техникалық және кәсіби білім беру жүйесін реформалаудың жоспары құрылды. Біз де ағымдағы оқу жылында халықаралық стандарттарға сай келетін инженер, техник, тағы басқа да жұмысшы мамандарды даярлауды көздеген жұмысымызды жалғастырудамыз. Осы мақала арқылы оқу орнымыздың қазіргі жай-күйін таныстырып өтейін.

«Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы көпсалалы инновациялық колледжі» мемлекеттік коммуналдық қазынашылық кәсіпорнының тарихы 1939 жылы 23 қазаннан бастау алады. Бастапқыда ауыл шаруашылығын механикаландыру мектебі ретінде құрылып, оқу мерзімі 3 айдан 6 айға дейін болды. Өткен кезеңде оқу орны көптеген атауларды иеленді. Бірақ, мейірімділік, шығармашылық, жайлылық, болашақ мамандарды тәрбиелеу мен даярлауда оқытушылардың тынымсыз еңбегі өзгеріссіз қалды.

Бүгінде колледжіміз қуатты материалдық-техникалық базасы бар оқу орны. Кадрлар даярлау 9 мамандық және 17 біліктілік бойынша жүзеге асырылады. Тарқатып айтсам, түлектер дәнекерлеу ісі, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы объектілерінің инженерлік жүйелерін монтаждау және пайдалану, ауыл шаруашылығын механикаландыру, есеп және аудит, тігін өндірісі және киімді үлгілеу, ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, тамақтануды ұйымдастыру, есептеу техникасы және ақпараттық желілер, автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және   пайдалану сияқты кәсіптік мамандықтар бойынша білім алады. Оқу орнының құрылымы оқу ғимараттары, жатақхана, қазандық, көлікжай, қалқан, күзетшілік орналасқан 11 ғимараттан тұрады. Оның ішінде жобалық қуаты 560 орынға арналған 5 оқу-өндірістік корпус бар.

Сондай-ақ, көпсалалы инновациялық колледжіміз «Жас маман» жобасының қатысушысы болып табылады. Жоба аясында 412,8 миллион теңге сомасына интерактивті және мультимедиялық құралдармен екі кабинет, үш зертхана жабдықталған. Жоғарыда аталған корпустарда жеті оқу-өндірістік шеберхана, бес зертхана, жиырма бес оқу кабинеті, екі спорт залы, акт залы, кітапхана, автодром, оқу шаруашылығы жұмыс істейді. Талапкерлердің сапалы білім алуы үшін кітапханамызда 38168 дана кітап қоры бар, бес компьютерлік сынып ашылған. Қазіргі уақытта колледжде барлығы 102 адам жұмыспен қамтылса, инженерлік-педагогикалық қызметкерлердің саны 56 адам. Оқу-өндірістік үдерісті 56 педагог жүзеге асырады. Олардың 28-інің жоғары білімі бар, 9-ы арнайы пән оқытушысы және 19 маман оқу өндірісінің шебері. Осылайша, колледжде Мемлекет басшысының қойған талаптары, оқу бағдарламаларының ұсыныстары сәтті жүзеге асырылып келеді.

Сонымен бірге, жыл сайын әрбір оқытушы мен оқу өндірісінің шебері әр түрлі курстар мен тағылымдамадан өтеді. Атап айтқанда, үздік шетелдік тәжірибені зерделеу және колледжде инновациялық технологияларды, білім беру бағдарламаларын, оқыту нысандары мен әдістемелерін енгізу үшін Венгрия, Түркия, Париж, АҚШ, Біріккен Араб Әмірлігі, Ресей, Сингапур елді мекендерінде тағылымдамадан өткен педагогтарымыз да жетерлік. Қазіргі уақытта колледжде мемлекеттік білім беру тапсырысы  бойынша барлығы 485 студент білім алуда. Мемлекеттік тілде 237 студент оқиды. Балалар үйінің бір тәрбиеленушісі, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған он төрт, ерекше білім беруді талап ететін жиырма сегіз, мүгедектік топтағы он үш студент – колледжіміздің шәкірттері. Оған қоса, дуальды оқытумен 210 студент қамтылып, бұл көрсеткіш 43 пайызды құрап отыр. Және де колледж тарапынан әлеуметтік серіктестермен 47 келісім-шарт жасалып,  студенттердің тәжірибеден өтуіне және тұрақты жұмысқа орналасуына жағдай жасалуда. 2024 жылы 155 түлек оқуын аяқтап, диплом иегерлері атанды. Жалпы алғанда, жұмысқа орналастыру көрсеткіші 78,1 пайызды құрады. Бұл ретте, оқу орнымыз өзінің түлектері арқылы әлеуметтік серіктестерден тыс еліміздің басқа өңірлерін жұмысшы мамандармен қамтуға өз үлесін қосып келеді деп сеніммен айта аламыз. Өйткені, түлектеріміздің бәсекелестік артықшылықтары бар. Бұл да Президентіміз Қ.Тоқаевтың «Еліміздің кадрлық әлеуетін біртіндеп арттыру өте маңызды. Экономиканы білікті мамандармен қамтамасыз ету – аса өзекті міндет. Ең алдымен, су, энергетика, құрылыс және басқа да салаларда қатты байқалып отырған кадр тапшылығын жою қажет», – деген тапсырмасына сай келеді. 

85 жылдық тарихы бар көпсалалы инновациялық колледжі осы уақыт аралығында өңіріміздің дамуында, кадрлық әлеуетін арттыруда, білім саласын жетілдіріп, сапалы жұмысшы мамандар қалыптастыруда айтарлықтай ілкімді істер атқарды. Соған сай жұмысы да бағаланып, бәсекеге қабілетті оқу орны екенін дәлелдеп келеді. Барлығын тізбектемесем де, соңғы жылдардағы жетістіктерімізге тоқтала кетейін. 2021 жылы колледж «Талап» коммерциялық емес акционерлік қоғамының «Ауыл, орман, балық шаруашылығы және ветеринария» бейіні бойынша ұйымдастырған Қазақстан Республикасы колледждері рейтингісінің қорытындысы бойынша ІІІ орынға ие болды. Біздің колледж студенттері мен оқу өндірісінің шеберлері, педагогтарының  өңірлік және республикалық деңгейде WorldSkills (Ворлдскиллс), Abilympics (Абилимпикс), Deafskills (Дэфскилз) кәсіби шеберлік байқауларына қатысуы дәстүрге айналды. 2024 жылы Ақмола облысы бойынша «Техникалық және кәсіптік орта білімнен кейінгі білім беретін үздік ұйым» байқауының  грант иегері атанып, озық колледждердің қатарына енді.

Мемлекет басшысы өзінің биылғы Жолдауында: «Адал әрі табанды еңбегімен табысқа жеткен адамдар қашанда құрметті, сыйлы болуы керек. Бір сөзбен айтқанда, біздің қоғамда еңбекқорлық, кәсібилік сияқты қасиеттер өте жоғары бағалануға тиіс» деп еңбек адамының мәртебесін көтеруді басты бір мақсат етіп қойған еді. Мемлекеттен осындай қолдау болып жатқандықтан, жұмысшы мамандар даярлауда колледж ұжымы алда да аянбай тер төгіп, еңбек ете берері сөзсіз. Мақала барысында студенттерге оқу орнында жүріп, ертеңгі күні білікті бір кәсіби жұмысшы мамандығын алып шығуларына барынша жағдай жасалғанын айтып жеткіздім. Бұл да білім беру сапасын арттырудағы бір артықшылығымыз және де сенімді түрде жұмысшы мамандарды даярлаудың кепілі дей аламын.

Сайран ШАБДАНОВА,
Ақмола облысы білім басқармасының жанындағы Краснояр көпсалалы
инновациялық колледжінің басшысы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар