Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Республикалық чемпионатта жерлестер ерледі - АРҚА АЖАРЫ

Республикалық чемпионатта жерлестер ерледі

Жуырда, Көкшетау жоғары техникалық колледжде «WorldSkills Kazakhstan 2024» ұлттық чемпионатының жеңімпаздарымен брифинг болып өтті. Жиынға, Ақмола облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Валерий Гамазов қатысып баяндама жасады. Басқарма басшысы мәлімдегендей, WorldSkills International (WSI) ұйымы  – ХХ ғасырдың ортасында пайда болған халықаралық қозғалыс.

Оның мақсаты, бүкіл әлемде жұмысшы мамандардың мәртебесін арттыру және шеберлік дағдыларын дамыту болған. 1947 жылы Испания кәсіптік білім беру бойынша алғашқы ұлттық конкурсын өткізді. Азаматтық соғыстан кейін елде білікті мамандардың тапшылығы өткір болғандықтан, ол жұмыс орындарының танымалдылығын арттыру және тиімді кәсіптік білім беру жүйесін құруға ықпал етуді көздеді. Бұл идеяның авторы испандық жастар ұйымының бас директоры Хосе Антонио Элола Оласо болды.

– 2014 жылдың тамыз айынан бастап Қазақстан «WorldSkills International» ұйымының жетпісінші толыққанды мүшесі болды. Бүгінде бұл ұйымға сексен тоғыз мемлекет кіреді. Ақмола облысы бірінші күннен бастап чемпионаттарға белсенді қатысып, WorldSkills қозғалысын дамытуда көшбасшылардың бірі болып табылады. Бүгінде Ақмола құрамасы осы жылдар ішінде отыз бес алтын, жирыма бір күміс, отыз қола, елу жеті үздік медаль жеңіп алды. Ақмолалық колледждердің студенттері Республика құрама командасының құрамында халықаралық және Еуропа чемпионаттарында ел намысын қорғап жүр. Ағымдағы жылғы 13-18 қараша аралығында Астана қаласында «WorldSkills Kazakhstan 2024» IX Республикалық чемпионаты өтті. Ақмола облысының атынан отыз құзырет бойынша отыз екі оқушы қатысты. Жалпы командалық есепте жерлестеріміз екі алтын медаль, бір күміс, бес қола жүлдені жеңіп алды, – дейді өз сөзінде Валерий Гамазов.

Сондай-ақ, республикалық чемпионаттың қорытындысы бойынша өңірлік 11 сайыскер «Үздік» медальдарымен марапатталса, командалық есепте Ақмола облысы 30 ұпай жинап, үздік бестікке енген. Тарқатып айтсақ, Елордада өткен «WorldSkills Kazakhstan 2024» IX Республикалық чемпионатына 550 колледж студенті мен 558 сарапшы бақ сынаған. Оған қоса, жеңімпаздарды марапаттау рәсіміне Қазақстан Республикасының Білім министрі Ғани Бейсембаев, бизнес құрылымдар мен жұмыс берушілердің өкілдері қатысқан. Сонымен бірге, үш күнге созылған жарыста облыс біріншіліктерінің жеңімпаздары 30 құзырет бойынша үздік атағын сарапқа салған. Барлығы 100 медаль: 32 алтын, 37 күміс және 39 қола. Және де 155 қатысушы чемпионаттың «Үздік белгісі» медальдарының иегері атанып отыр.

Айта кетейік, бұл бастаманы бірінші болып Португалия қолдады. Нәтижесінде 1950 жылы бірінші халықаралық Пиреней жарысы өтіп, оған екі елден 12 өкіл қатысты. Үш жылдан кейін жарысқа Германия, Ұлыбритания, Франция, Марокко және Швейцариядан келген бәсекелестер қосылды. Осылайша, 1953 жылы кәсіби шеберлік байқауларын өткізу ұйымы – Халықаралық кәсіптік оқыту ұйымы (IVTO) құрылды.

Мұхамет ТІЛЕУБАЙ,
«Арқа ажарының» өз тілшісі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар