Талабына нұр жауған ауыл оқушыларының мерейі

Астана қаласында еліміздің ауыл мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында жаратылыстану-математикалық бағытында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың республикалық кезеңі өтті.

Олимпиаданың негізгі мақсаты – ауылды жерлердегі мектеп оқушыларының талап-дарынын анықтау және оларға қолдау көрсету, неғұрлым академиялық қабілетті оқушыларды табу, олардың зияткерлік дамуы мен кәсіби бағдарлануына жағдай жасау. Олимпиаданың республикалық кезеңінде еліміздің әр өңірінен келген 500-ге жуық оқушы бас қосты. Ақмола облысынан олимпиадаға облыстық кезеңнің 23 жеңімпазы қатысты. Шара қорытындысы бойынша өңірдің 14 оқушысы жүлдегерлер қатарынан көрініп, біреуі І дәрежелі, бесеуі ІІ дәрежелі, сегіз оқушы ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, үш бала грамоталарға ие болды. Сөйтіп, ақмолалық оқушылар командалық есепте «Ең үздік олимпиадалық команда-2024» аталымында ІІ дәрежелі дипломға қол жеткізді.

«География» пәні бойынша Олимпиаданың алтын медалімен Зеренді ауданы Зеренді ауылының №2 жалпы орта білім беретін мектебінің 9-сынып оқушысы Каргин Захар марапатталды. Қалған жүлдегерлердің есімдері жазылған толық тізім Ақмола облысы білім басқармасының ресми сайтында жарияланды.

 «Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар