Notice: Function _load_textdomain_just_in_time was called incorrectly. Translation loading for the wp-latest-posts domain was triggered too early. This is usually an indicator for some code in the plugin or theme running too early. Translations should be loaded at the init action or later. Please see Debugging in WordPress for more information. (This message was added in version 6.7.0.) in /var/www/vhosts/arka-azhary.kz/httpdocs/wp-includes/functions.php on line 6114
Олжас Бектенов кадр даярлау туралы: Кәсіптік бағдар беру ісінде жаңа тәсілдерді жүзеге асырып, мектептер, колледждер, кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл моделін құру керек  - АРҚА АЖАРЫ

Олжас Бектенов кадр даярлау туралы: Кәсіптік бағдар беру ісінде жаңа тәсілдерді жүзеге асырып, мектептер, колледждер, кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл моделін құру керек 

Премьер-министр Үкімет отырысында экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген жұмысшы мамандар екенін атап өтті.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкімет Жұмысшы мамандықтары жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітті. Оны іске асыруға нақты сектор субъектілерінің барлығы, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар, ұлттық компаниялар мен салалық қауымдастықтар тартылды.

Экономиканың басты өндірістік қуаты – кәсібін жетік меңгерген мамандар. Қазіргі жұмысшылар жоғары технологиялық жабдықтармен, автоматтандырылған жүйелермен жұмыс істейді. Бұл біліктілікті арттырып, интеллектуалдық әлеуетті және цифрлық сауаттылықты, жеке құзыреттілікті үздіксіз дамытып отыруды талап етеді.

Бізге мыңдаған білікті жұмысшы қажет. Сонымен қатар жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады. Сондықтан болашақтағы дағдылар мен құзыреттерді болжау үшін әкімдіктердің барлығы кәсіптердің өңірлік атласын жасауы қажет. Әзірге тек 9 өңірде осындай құжаттар бар.

Жастардың жұмысшы кәсіптерін саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беру ісінде жаңа тәсілдерді жүзеге асыру керек. Болашақ маман өзінің кәсібтік перспективаларын көріп отыруы үшін мектептер, колледждер, кәсіпорындар арасында өзара іс-қимыл моделін құру қажет. Бұл бағытта Оқу-ағарту министрлігі техникалық және кәсіптік білім беру саласына сапалы өзгерістер енгізуі қажет.

Нарықта жаңа маман иелеріне сұраныс жоғары», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан колледждерде оқытуды қаржыландыру 2 есе ұлғайтылды. Халықаралық талаптарға сай жаңа білім беру бағдарламалары енгізілуде. Сондай-ақ Астана қаласының әкімдігімен бірге құзыреттер орталығын құру жоспарланып отыр. Премьер-министр бизнес, жұмыс берушілер, инвесторлар тарапынан да тиісті шаралар қабылдануы тиіс екенін, сондай-ақ осы бағыттағы жұмысты «Самұрық-Қазына» қоры белсенді жүргізуі қажет екенін баса айтты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар