Бұл – қуаныш!
Құрылысы ұзаққа созылған Бұланды ауылындағы мектеп пайдалануға берілді. 80 орындық жаңа ғимаратқа 56 оқушы өз оқуларын жалғастыратын болады.
Жаңа мектеп заманауи үлгіде салынған және барлық қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мұнда балалардың сапалы білім алуына толық жағдай жасалған. Әр кабинетке интерактивті тақталар орнатылған. Сондай-ақ, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін инклюзия кабинеті бар.
– Мектеп ғимараты жарық әрі кең. Мұнда білім алатын оқушылар осы заманғы талаптарға сай жақсы, терең білім алатынына сенеміз, – деп атап өтті ата-аналар.
Айта кетейік, Бұланды ауылының мектебі 2019 жылы апатты деп танылып, 2021 жылы жаңа ғимараттың құрылысы басталған болатын. Құрылыс созылып кеткен осы уақыт аралығында мектеп оқушылары орман шаруашылығы ғимаратында оқып келген болатын.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Біржан сал ауданы.