Жосықсыз мердігерге айыппұл салынды

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың Біржан сал ауданына жұмыс сапары барысында берген тапсырмасының аясында облыстық мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «Степняк қаласындағы №1 жалпы білім беретін мектепті күрделі жөндеу» сапасына тексеру жүргізді.

Тексеру барысында «ГрадСтройСервис» ЖШС-мен мемлекеттік сатып алу шарты 403 миллион теңгеден астам сомаға екі жылға жасалғаны, мердігер кейбір жұмыстарды аяқтамағаны, жұмыс кестесінен 66 күннен аса артта қалғаны, су құбыры мен кәріз жүйесін орнатуға мүлдем кіріспегені анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша мердігер тарапынан жобадан ауытқуды, шатыр жұмыстарын жүргізу кезіндегі бұзушылықтарды, атқарушылық-техникалық құжаттаманың, жұмыстар жүргізу жобасының және жасырын жұмыстар актілерінің болмауын қамтитын көптеген бұзушылықтар анықталды.

Ведомство осы тексеру нәтижелері бойынша мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы «ГрадСтройСервис» ЖШС қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 315 бабы (құжаттаманың болмауы) және 312-бабының 2-бөлігі (жобадан ауытқу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасады, ол шаралар қабылдау үшін сотқа жіберілді (санкция – айыппұл және лицензиядан айыру), сондай-ақ, ҚР ӘҚБтК-нің 315-бабы бойынша (құжаттаманың болмауы) анықталған бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілді.

Біржан сал ауданы сотының 2023 жылғы 21 қарашадағы қаулысымен «ГрадСтройСервис» ЖШС ҚР ӘҚБтК-нің 312-бабы 2-бөлігі бойынша 2-санаттағы құрылыс-монтаждау жұмыстары лицензиясынан айыра отырып, 1 380 000 теңге (400 АЕК) мөлшерінде айыппұл салынып, жауапкершілікке тартылды.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар