ИГІ БІР ІС
Ауданда Степняк-Жүкей бағыты бойынша 35 кВ әуе желісінің құрылысы аяқталды. Ол «Көкшетау Энерго» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің инвестициялық бағдарламасы аясында іске асырылды.
Жаңа желінің ұзындығы 22 шақырым, оған жаңа темір-бетон тіректер орнатылып, АС-120 маркалы сымдар тартылды. «Степняк» және «Жүкей» қосалқы станцияларында қосымша жабдық орнату арқылы ішінара жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, «Степняк» қосалқы станциясында 35 кВ құрылғысына жаңа ұяшық орнатылды.
Аталған әуе желісінің іске қосылуы жақын маңдағы ауылдарды электр қуатымен резервтік қоректендіруді қамтамасыз ететін сақиналы жүйе құруға және курорттық аймаққа қызмет көрсететін 35 кВ Қатаркөл-Жүкей, Жүкей-Невский әуе желілерінің жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді.
Аталған жұмыстар «Көкшетау Энерго» ЖШС орталық әуе желілері қызметі, сондай-ақ, Щучинск электр желілері қызметі және Еңбекшілдер электр желілері бөлімшесі мамандарының күшімен атқарылды.
«Арқа ажарының» өз ақпараты.
Біржан сал ауданы.
![]()

