Алдымен, ең маңыздысы – халықтың денсаулығы

ЖҰМЫС САПАРЫ

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Алтынай Әміренова жұмыс сапарымен Біржан сал ауданында болып, жуырда пайдалануға берілген жаңа аудандық ауруханада медициналық қызметтің ұйымдастырылу деңгейімен танысты.

Сонымен қатар, аудан орталығында жүргізіліп жатқан 21 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысына көңіл бөліп, тұрғындарды қысқы жылумен қамтамасыз ететін қалалық қазандықтардың жұмысына назар аударды.  Осы нысандарды аралаған кезде туындаған мәселелер бойынша жауапты қызметтерге тиісті тапсырмалар берілді.

Жұмыс сапарының соңында облыс әкімінің орынбасары ауыл әкімдерімен және аудандық бөлімдердің басшыларымен кеңес өткізді. Онда облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Шолпан Рахматуллина жұмыспен қамту бағдарламалары мен Отбасының цифрлық картасын іске асыру барысы туралы баяндама жасап, өңірлік жұмыспен қамту картасының нәтижелері мен осы бағытта халықпен жүргізіліп жатқан тиісті жұмыстарды баяндады. Кеңес барысында оған қатысушылар өзекті мәселелерді көтеріп, әлеуметтік бағдарламалардың тиімділігін арттыру жолдарын талқылады және аудан тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған нақты қадамдарды айқындады.

– Біздің басты міндетіміз ауданның әрбір тұрғынының сапалы медициналық және әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуі, сондай-ақ, олардың өмір сүру жағдайларының жылдан жылға қолайлы әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз ету. Осы ретте, аудан әкімдігіне тұрғындардан келіп түсетін арыз-шағымдарға жедел әрекет етуді тапсырамын, – деп атап өтті өз сөзінде Алтынай Әміренова.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

Біржан сал ауданы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар