«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалында Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын талқылауға арналған депутаттық фракцияның біріккен отырысы өтті.
Іс-шараға қалалық және облыстық мәслихат депутаттары, қоғам өкілдері мен сарапшылар қатысты. Қатысушылар ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің елдің демократиялық дамуы мен әділетті мемлекет қағидаттарын нығайтудағы маңызын атап өтті.
Отырыс барысында қалалық мәслихаттың төрағасы Дастан Акимов Конституция жобасында көзделген негізгі жаңашылдықтар туралы жан-жақты ақпарат беріп, олардың мемлекеттік басқару жүйесіне әсері мен өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейтуге бағытталғанын түсіндірді.
Құқық қорғаушы әрі депутат Гулаим Есенова өз сөзінде құжаттың құқықтық қырларына ерекше тоқталып, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау кепілдіктерінің күшейтілуін, сондай-ақ заң үстемдігі қағидатын сақтаудың маңыздылығын атап өтті. Ал тарихшы, профессор Аманбай Сейтқасымов Қазақстандағы Конституцияның қалыптасуы мен дамуы үдерісіне талдау жасап, конституциялық реформалардың сабақтастығы мен олардың заманауи мемлекетті қалыптастырудағы рөлін айқындады.
![]()

