Бүгін Қосшы қаласында “AMANAT” партиясының Ақмола облыстық филиалының мобильді қоғамдық қабылдау бөлмесінің өңірлерге, оның ішінде шалғай ауылдарға шығуы шеңберінде азаматтарды қабылдауы өтті.
Партиялықтар Ақмола облысы Қосшы қаласында және Тайтөбе ауылында тұрғындарының шағымдарын тыңдады.
Қабылдауға “AMANAT” партиясы Ақмола облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Дархан Канафин, облыстық филиалдың Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы Асқар Әміржанов, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Айдын Төребаев, қала мәслихатының төрағасы Әлихан Қуатбеков, партия филиалының атқарушы хатшысы Рақымжан Сейдахметов, қала адвокаты Дана Баймағамбетова және аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ, жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері қатысты.
Қабылдау барысында 20-ға жуық адам өтініш білдірді. Мысалы, Қосшы қаласының тұрғындары Лесная Поляна шағын ауданында автотұрақ салу, жас білім саласының қызметкерлері тұрғын-үй, ШҚО- да шаруа қожалығын заңдастыру және т.б. мәселелері бойынша өтініш білдірді.
Әрі қарай мобильді топ өкілдері Тайтөбе ауылының тұрғындарын қабылдады. Ауыл азаматтары зейнетақы төлеу, жер, су, дәріхана ашу, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, «Ауыл аманаты» жобасы бойынша несие алу, иттер, тұрғын-үй алу мәселелерін көтерді.
Азаматтардың барлық өтініштері мұқият тыңдалып, бақылауға алынды және одан әрі шешу үшін тиісті мемлекеттік органдарға жіберілді.
«AMANAT» партиясының Ақмола облыстық филиалы