Сот іс қарады
2022 жылы Көкшетау қаласының тұрғыны Н. Солтүстік Қазақстан облысының «Ботай» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының ғылыми қызметкері, кейін директорының орынбасары болып қашықтықтан, онлайн тәртібінде жұмыс істеген.
2023 жылы Н.-ға Көкшетау қалалық әкімдігі коммуналдық тұрғын үй қорынан 3 бөлмелі пәтерді жалға берген. Уәкілетті органның Н.-ның жұмыс орны мен нақты тұратын жерін анықтауына сілтеме жасай отырып, қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы (ТКШ) бөлімі оны тұрақты тұрғылықты жерге көшуіне байланысты отбасымен бірге жалға алған пәтерінен және кезектен шығару туралы сотқа талап қою арызымен жүгінді.
Көкшетау қалалық соты істі қарап, келесі негіздермен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінің талап қоюын негізсіз деп тапты.
Пәтерді жалға алушы 20 жылдан астам жұмыс өтілі бар бюджеттік ұйымның қызметкері ретінде 2006 жылдан бері тұрғын үй кезегінде тұрып келді. Ол жұмыс істейтін музей-қорық Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында, ал кеңсесі алдыңғы облыста орналасқан. Көкшетауда болған кезде жұмысты қашықтықтан, онлайн атқарды.
Пәтер берілген сәттен бастап, Н. отбасымен бірге жалға алынған пәтерде тұрады, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімінен екінші бір керісінше дәлелдеме берілген жоқ.
Заңға сәйкес, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есептен шығару, олар басқа елді мекенге тұрақты тұруға кеткен немесе еңбек қатынастары тоқтатылған жағдайда жүзеге асырылады. Осыған байланысты талап қоюшының тұрғын үйден шығару туралы талабы негізсіз.
Сондықтан, сот өз шешімімен Көкшетау қалалық ТКШ бөлімінің Н.-ға қатысты тұрғын үйден шығару туралы талап қоюын қанағаттандырудан бас тартты.
Көкшетау қалалық сотының баспасөз қызметі.