Заң және тәртіп

Касса арқылы жұмыс – заңды бизнестің негізі

Кассалық тәртіп бойынша заң бұзушылықтар айыппұл салуға және салық органдарымен түсініспеушілікке әкеліп соғуы мүмкін.

Кассалық тәртіпті арттыру – аймақтың экономикалық жағдайын жақсартуға және көлеңкелі экономика көлемін айтарлықтай азайтуға жасалған қадам. Өкінішке орай, кейбір ұйымдар кассалық тәртіпті бұзып, чек беруді ұмытады, транзакцияларды тіркемейді, рұқсат етілмеген кассалық машиналарды пайдаланады.

Ақмола облысы мемлекеттік кірістер департаменті бұзушылықтардың алдын алу және бизнестің ашықтығын қамтамасыз ету үшін кассалық тәртіпті сақтауға шақырады. Кассалық тәртіпті сақтау – бұл сіздің бизнесіңіздің тұрақтылығының кепілі.

Мемлекеттік тізілімінен алып тасталады

Ақмола облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 16 ақпандағы №208 бұйрығына сәйкес мынаны хабарлайды.

Бекітілген бақылау-касса машиналарының үлгілерін БКМ мемлекеттік тізіліміне қосу немесе алып тастау қағидаларына сәйкес БКМ моделі БКМ-нен алып тасталады. БКМ мемлекеттік тізілімін БКМ техникалық талаптарға сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті жүргізеді.

Бұл ретте, 208-бұйрықпен бекітілген БКМ техникалық талаптарына сәйкес БКМ деректерді онлайн-БКМ-нен 2.0.2-нұсқасының серверіне беру хаттамасы бойынша фискалдық деректер операторының серверіне жасалатын кассалық операциялар туралы деректерді беруді қамтамасыз етуі тиіс.

БКМ моделін БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізу шеңберінде Комитет БКМ-мен және БКМ әзірлеушілерімен бірлесіп онлайн-БКМ модельдерінен ақшалай есеп айырысулар туралы мәліметтерді БКМ серверіне беру бөлігінде БКМ-нің техникалық талаптарға сәйкестігіне тестілеу жүргізеді.

Өткізілген тестілеу нәтижесінде «rekassa «мобильдік қосымшасы» БКМ моделі (1.0 нұсқасы, 1.1 нұсқасы және 2.0 нұсқасы)» жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмейтіні анықталды. Осыған байланысты БКМ мемлекеттік тізілімінен алып тастауға жатады. Соған орай, Сізге «rekassa (1.0 нұсқасы, 1.1 нұсқасы және 2.0 нұсқасы)» мобильдік қосымшасының БКМ үлгілерін БКМ мемлекеттік тізіліміне енгізілген өзге де онлайн-БКМ үлгілерімен ауыстыру қажет.

Ақмола облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар