400-ден астам баланың интеллектуалды білім бәйгесі!

БАСПАСӨЗ АҢДАТПАСЫ

Ауыл оқушыларына арналған IQanat Олимпиадасының ІІ туры Ақмола облысында өтеді
18 наурызда «IQanat» республикалық олимпиадасының ІІ турының ресми ашылуы өтеді, оған Ақмола облысындағы ауыл мектептерінің 420 оқушысы қатысады.

Айта кетейік, бүкіл Қазақстан бойынша бұл турда 10 мыңға жуық бала білім бәйгесіне түседі. Олардың 70 пайызына жуығы – әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балалар. Бұл санның 91%-ы көпбалалы отбасылар болса, 13%-ға жуығы толық емес, 4%-ға жуығы әрі көпбалалы, әрі толық емес отбасылар.
Екінші тур оқу пәндеріне бағдарланған, мектеп оқушылары математика, физика, биология, химия, Қазақстан тарихы және география сында пәндер бойынша тест тапсырады.

Дәл осы турда финалға өтетін 1000 бала айқындалады. Финалистердің бір бөлігі Бурабайдағы IQanat мектеп-пансионатында тегін оқуға қабылданса, екінші бөлігі олимпиададан кейінгі үш жылдық қолдау бағдарламасына енеді. Оның барысында балалар ҰБТ-ға, халықаралық емтихандарға белсенді дайындалып, ағылшын тілін, ІТ дағдыларды, soft skills, кәсіпкерлік негіздерін және басқаларды меңгереді. Оқытушылар оларды ынталандырып, жетістіктерін ұдайы бақылайды.

Мықты академиялық дайындықтың арқасында IQanat бағдарламасына енген балалардың 90%-ы Қазақстан және шетелдің үздік университеттеріне грант негізінде қабылдануда. Қазір IQanat түлектері әлемнің 15 елінде білім алып жатыр.

IQanat – 150-ден астам қазақстандық кәсіпкер қолдайтын әлеуметтік-білім беру жобасы. Олимпиаданы ұйымдастыруда IQanat қазақстандық талантты ауыл балаларының білім алу жолындағы қаржылық және әлеуметтік кедергілерді жоюға ұмтылады.

Күні және уақыты: сағ. 10.00, 18 наурыз 2025 жыл
Өткізу орны: Щучинск қаласы, Едомский көшесі, 23 үй.
БАҚ өкілдерін тіркеу: Айдана Іңкәрбекова 8-702-667-07-00, inkarbekova.a@iqanat.kz.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар