Ғылыми ізденістерімен көзге түсті

Байқау

Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің (NIS) оқушылары республикалық ғылыми жоба байқауында жүлделі орындарға ие болды. Сөйтіп, олар өздерінің жоғары білім деңгейін, шығармашылық қабілеттерін және инновацияға деген ұмтылысын тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сөйтіп, «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңінде бірегей жобаларын ұсынып, жүлделі орындардан көрінді.

10-сынып оқушысы Юсуф Мухамбетқалиев байқауға «EasyBreath» жобасын ұсынды. Бұл – бронхтық демікпемен ауыратын балаларға арналған инновациялық құрылғы.

–Бұл аурумен өзім де бетпе-бет келгендіктен, тыныс алу мен ағза көрсеткіштерін уақытылы бақылаудың қаншалықты маңызды екенін жақсы білемін. Басты мақсатым ұстама қаупі туралы алдын ала ескертіп, ата-аналар мен дәрігерлерге дер кезінде шара қолдануға мүмкіндік беретін құрылғы жасау болды, – дейді өз жобасы жөнінде Юсуф.

Ол жобамен жұмыс істеу барысында тақырыпты зерттеуден бастап, қажетті компоненттерді таңдауға, күрделі техникалық мәселелерді шешуге және құрылғыны тестілеуге дейін ұзақ жолдан өткен. Бұл ізденісі өзінің үлкен жемісін беріп, нәтижесінде көкшелік оқушы осы республикалық ғылыми жоба байқауында бірінші орынға ие болды.

Сондай-ақ, 12 сынып оқушылары Аружан Құстүтін мен Айша Аманбайдың да жұмыстары жүлделі 3 орынмен атап өтілді. Олардың «Demeu» жобасы – есту қабілеті бұзылған адамдарға көмектесетін заманауи жүйе. Бұл жоба да қажырлы еңбек пен ғылыми ізденістің нәтижесі.

 –«Demeu» жобасы бойынша біз жетекшіміз Евгений Юрьевичпен бірге бір жылдан астам уақыт бойы жұмыс істеп келеміз. Байқауға жаңа оқу жылынан бастап дайындалып, жобаны барынша жетілдіруге тырыстық. Сондықтан, оны қорғау кезінде өзімізді сенімді сезіндік. Ал, 3-орынға ие болған кезде қуанышымызда шек болмады, – дейді Айша Аманбай.

Иә, осындай ғылыми жобаларды қорғауда мектеп оқушыларына алда да сәттілік серік болсын дейміз.

«Арқа ажарының» өз ақпараты.

2 Total Views , 2 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар