Құрылыстағы олқылықтарды жою міндеті қойылды

Жұмыс сапары

Ақмола облысының әкімі Марат Ахметжановтың тапсырмасы бойынша облыс әкімінің бірінші орынбасары Елдос Рамазанов жұмыс сапарымен Степногорск қаласында болып, бірқатар құрылыс нысандарын аралап, ондағы істің жай-жапсарына қанықты.

Бестөбе кентінде инфрақұрылымды дамыту және әлеуметтік нысандарды жаңарту жұмыстары жалғасуда. Спорттық-сауықтыру кешені мен 300 орындық мектептің құрылысында мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы бірқатар олқылықтарды анықтады. Мердігер ұйымдарға оларды қысқа мерзімде жою тапсырылды. Сонымен қатар, құрылыс қарқынын арттыру үшін қосымша жұмыс күшін, оның ішінде жергілікті тұрғындарды тарту қажеттігі айтылды.

– Мемлекет тарапынан толық қаржыландыру қарастырылған. Сіздерден талап етілетіні – нысандарды белгіленген мерзімде сапалы аяқтау. Егер жұмыс уақытында бітпесе, мемлекеттік сатып алудың жауапсыз қатысушысы деп танылыпсыздар да, келісім-шарт бұзылады. Сондай-ақ, стадион құрылысы бойынша да нақты тапсырмалар берілді. Оны уақытында пайдалануға беруге ешқандай кедергі жоқ. Қаржы толық бөлінген, сондықтан, жұмыс бекітілген кестеге сай жүргізілуі керек, – деп атап өтті Елдос Рамазанов.

Бестөбе кентінің тұрғындарына кепілдендірілген тегін медициналық көмек пен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында медициналық қызметті «Viamedis» орталығы көрсетеді. Аталған мекеме қажетті жабдықтармен толық қамтамасыз етілген. Мұнда да Елдос Рамазанов жедел жәрдем станциясы бөлімшесінің жұмысын жандандыру бойынша тапсырма берді.

Жұмыс сапары барысында елді мекен ішіндегі жолдардың құрылысын жеделдету бойынша нақты міндеттер қойылды. Сондай-ақ, көліктік бақылау инспекциясы мен полиция департаментіне ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылау, олардың салмақтық параметрлеріне қатысты жүйелі түрде рейдтік шаралар жүргізу тапсырылды.

Елдос Рамазанов жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтуды басты басымдық ретінде атап өтіп, осы мәселелердің барлығы облыс басшылығының ерекше бақылауында екенін жеткізді.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Степногорск қаласы.

Loading

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар