Бестөбе кентінде жедел жәрдем пункті ашылды

Денсаулық

Степногорск қаласына қарасты осы бір елді мекенде жедел медициналық жәрдем пункті жұмыс істей бастады.

Кент тұрғындарына медициналық қызмет көрсетудің тиімділігін арттыра түсетін аталмыш әлеуметтік нысан Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында облыс әкімі Марат Ахметжановтың бастамасымен ашылды. Басты мақсат – жергілікті тұрғындар үшін шұғыл медициналық көмектің қолжетімділігін арттыру.

Алыс аймақ тұрғындары үшін мұның маңызы зор. Енді жедел жәрдем бригадасы шақыртуларға жылдам жетіп, науқастардың өмірін аман алып қалу мүмкіндігі арта түседі.

Айта кетейік, Ақмола облысында бүгінде 69 жедел жәрдем бригадасы жұмыс істейтін 20-ға жуық станция бар.

Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметі.

 Степногорск қаласы.

9 Total Views , 1 Views Today

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Өзге де жаңалықтар