Байқау
Жуырда Шымкент қаласында түрлі өңірлерден 30 шығармашылық ұжым қатысқан «Нұрлы көктем» халықаралық хореографиялық байқауы өтті.
Тәжірибелі хореограф Наталия Гороваяның жетекшілігімен «Ритм» халық ансамблі аталмыш байқауда Ақмола облысы мен Көкшетау қаласының намысын қорғады. Ұжым үш бірдей жас санатында би өнерін көрсетіп, тамаша нәтижелерге қол жеткізді.
16-18 жас аралығы санатындағы қатысушылар «Орыс биін» жоғары дәрежеде, тамаша орындап, қазылар алқасының көңілінен шығып, бірінші орынға ие болды.
6-9 жастағы кіші топ «Хореография» номинациясы бойынша лайықты түрде бірінші дәрежелі дипломмен марапатталды.
«PEDRO» заманауи биін орындаған ансамбльдің аралас тобы көрермендерді де, қазылар алқасын да бейжай қалдырмай, ерекше құрметке ие болып, ұжымға бас жүлдені тарту етті.
«Көкше» мәдениет үйінің «Ритм» ансамблі бұған дейін де халықаралық және республикалық байқауларда жеңімпаз атанып, өзінің жоғары деңгейін талай мәрте растаған ұжым.
Ансамбль қатысушылары мен жетекшісі кезекті жарқын әрі лайықты жеңістерімен құттықтап, шығармашылық, толағай табыстар тілейміз!
«Арқа ажарының» өз ақпараты.